Серік Рахметоллаұлы Егізбаев (22 сәуір 1963, Шағатай, Теректі ауданы, Орал облысы) — қазақстандық агроном-ғалым, саясаткер, 2026 жылдан бастап 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты және Құрылтайдағы Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы.

2023–2026 жылдары Ауыл партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің VIII сайланым депутаты және Мәжілістегі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы болды. Экономика ғылымдарының кандидаты (2001).

Өмірбаяны 1985 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында агроном мамандығын алып, оқуын аяқтады. Кейін БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебінде, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

2001 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Еңбек жолы Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы, Чапаев ауданы «Чапаев» кеңшарында құрылысшы болып бастаған. Одан кейін агроном болып, Қазақстан комсомол ұйымында түрлі қызметтер атқарды. 1988-1990 жылдары — Қазақстан ЛКЖО Жымпиты аудандық комитетінің бірінші хатшысы, ал 1990-1997 жылдары Орал облыстық Қазақстан Жастар одағының хатшысы, идеологиялық бөлімінің меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы болып істеді.

1997-1998 жылдары — Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бас инспектор және ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

2000-2001 жылдары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұйымдастыру және кадр жұмысы Департаментінің бөлім басшысы қызметін атқарды.

2001-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде әртүрлі лауазымдарда болды.

2007-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, оның ішінде мемлекеттік қадағалаушы және мемлекеттік бақылау бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2016-2017 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болып істеді.

2017-2019 жылдары — «Қазақстан» РТРК Өңірлік даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарды.

2019-2021 жылдары — Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2021-2023 жылдар аралығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы 28 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты. «Ауыл» партиясы ұсынған. Парламентте Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы болып жұмыс істейді.

2023 жылғы 19 қазаннан 2026 жылғы 23 маусымға дейін Ауыл партиясының төрағасы болды."Ауыл" партиясының төрағасы болып Серік Егізбаев сайланды«Ауыл» партиясының кезектен тыс Съезі өтті 2026 жылдан бастап — «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.Басшылық

2026 жылы тамызда «Ауыл» партиясы атынан Құрылтай депутаты атанып, 28 тамыз күні Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы болып сайланды.Құрылтайда қандай комитеттер құрылды және оларды кім басқарды

Марапаттары «Астанаға 10 жыл» медалі (2008) «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2015) «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі (2015) «Құрмет» ордені (2015) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016) «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі (2020) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі (2021) «Парасат» ордені (2022)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары Санат:Ауыл партиясының мүшелері Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары