Сыбанбекова Бақыт Сауданбекқызы (25.12.1943 ж. туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Қақпақ ауыл) – әдіскер ұстаз. Жыл Оқиға 1972 ж. ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті) географиялық факультетін бітірген 1972 – 78 ж. География пәнінен, Алматы қаласында орыс мектебінде қазақ тілі пәнінен сабақ берген 1979 жылдан Алматы қаласындағы Н.Островский атындағы зағип балаларға арналған мектепте оқытушы-тәрбиеші 1990 ж. Нүктемен оқыту әдістемесін меңгерген

Жетістіктері Педагогикалық жұмысымен қатар ғылыми еңбекпен шұғылданған. 1992 ж. тифлопедагогиканы отандық тарихымызда тұңғыш рет қазақ тіліне енгізіп, зағип қазақ балаларын ана тілінде оқыту әдістемесін әзірлеген. “Еңбек ардагері” медалімен және басқа да медальдармен марапатталған.

Шығармалары Бірінші рет қазақ тілінде нүктелі әріппен оқыту тәжірибесін енгізу мәселелері, А., 2005.

Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том