Заһира Ержанова (1926, Шиелі кенті) – еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1958), Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері (1974).

Зейнеткерлікке шыққанға дейін туған ауылында күріш звеносының жетекшісі болып еңбек етті. КСРО, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды (1962). Ленин орденімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:1926 жылы туғандар Санат:Шиеліде туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Ленин орденінің иегерлері