Ресей оккупациялаған территориялар () — 1991 жылғы КСРО ыдырауынан бергі Ресей жаулап келген посткеңестік кеңістік елдерінің жері. Әскери басқыншылық жолымен Ресей құрамына кірген бұл аймақтарды халықаралық қауымдастық заңсыз оккупация деп таниды.

Термин бұл аймақтарға қолданылады: Молдова – Транснистрияда; Грузия – Абхазия мен Оңтүстік Осетияда; Украина – Қырым, Донецк, Луганск, Херсон облысының бір бөлігі, Запорожье облысының бір бөлігі.

Шолу thumb|center|600px|Ресейді күңгірт қызылмен, Ресей жаулаған жерді ашық қызылмен бояған карта: Молдовада: Транснистрия (1), 1992 жылдан бері Грузияда: Абхазия (2) және Оңтүстік Осетия (3), 2008 жылдан бері Украинада: Қырым (4) және Луганск облысының (5) мен Донецк облысының бір бөлігі (5), 2014 жылдан бері, Запорожье облысының (7) мен Херсон облысының (8) бір бөлігі, 2022 жылдан бері

Жауланған жер Транснистрия Абхазия Оңтүстік Осетия Қырым жәнеСевастополь Донецк, Луганск,Херсон және Запорожье Де-юре иесі (1992–) (1992–) (2014–) (2022–) Де-факто басқарады (1992–) (1992–) (1992–) (2014–) (2022–)белсенді әскери әрекеттер аймағы Ресей оны өз жері деп тани ма? Приднестровское урегулирование – Министерство иностранных дел Российской ФедерацииРеспублика Молдова – Министерство иностранных дел Российской Федерации Оккупация түрі colspan=2 Де-факто қолданыстағы валюта colspan=2 Төлқұжаты Ресей телефон нөмірі қолданыста ма?

Молдова Транснистрия (1992–) нобай|оңға|Бендеры үшін шайқастағы Транснистрия әскері, 1992 жылғы маусым

1991 жылғы 21 желтоқсандағы КСРО ыдырауынан кейін бұрынғы Молдован Кеңестік Социалистік Республикасының молдовандары Молдованың Румыниямен қосылуын, молдован тілінің румын тілі деп аталатынын және кириллицаның орнына латын әліпбиімен жазылатынын, елдің жалғыз ресми тілі болғанын қалады. Бұны қазіргі Ғағауызстан мен Днестрдің сол жағалауындағы біраз жер тұрғыны қолдамады. Бұл жердегі орыстілді халық орыс тілінің молдован тілмен қатар ресми тіл болғанын қолдайды, молдован тілінде әлі кириллица арқылы жазады. Бұл айырмашылықтар 1992 жылы Транснистриядағы қарулы қақтығысқа әкелді. Қанды Бендеры үшін шайқастан кейін сепаратистер жеңіске жетті де, Ресей әскерінің аймаққа келгенінен кейін Транснистрия өз тәуелсіздігін жариялай алды. Ресей әскерлері Молдова мен халықаралық қауымдастықтың сынына қарамастан бұл аймақта әлі де бар. Соғыс біткенінен бері Транснистрия Ресейге қосылуы жайлы бірнеше сұраныс жасаған.

Грузия Абхазия және Оңтүстік Осетия (2008–) нобай|оңға|Оңтүстік Осетиядағы ресейлік БМП-2 танкі

Орыс-грузин соғысынан кейін президент Медведев 2008 жылғы 26 тамызда Абхазия мен Оңтүстік Осетияны егемен мемлекет деп мойындайтын жарлыққа қол қойды. Ресей бұл жартылай мойындалған мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатты да, екеуінде де өз әскерін орналастырды.

Түрлі үкіметтік емес ұйымдар, шетелдік журналистер мен баспалар, соның ішінде Әл-Жазира телеарнасы, BBC мен Азаттық радиосы Абхазия мен Оңтүстік Осетияны Ресей жаулаған территориялар деп көреді.

2008 жылғы 28 тамызда Грузия парламенті екі аймақты Ресей жаулаған жер деп және сол жердегі Ресей әскерін оккупациялаушы деп танитын резолюцияны бірауыздан қабылдады. Заң, оған қоса, аймақтарға Ресейден келуге тыйым салды. Абхазияға Грузиядан тек Зугдиди муниципалитетіндегі Энгурди көпірі арқылы өтуге болады. Оңтүстік Осетия шетелдіктердің Грузиядан келуіне тыйым салады.

2010 жылғы сәуірде Грузия парламентінің сыртқы істер комитеті 31 түрлі ел парламенттерінің Абхазия мен Оңтүстік Осетияны Ресей жаулаған жер деп, ол жерден халықтың қуылуын этникалық тазарту деп мойындағанын сұрады. Ресей Сыртқы істер министрлігі жауап ретінде Грузияның бұл заңнан бас тартқанын талап етті. БҰҰ Бас ассамблеясы қақтығыстан орын алған демографиялық өзгерістерді жыл сайын сынға алатын болды. 2022 жылы резолюцияны 95 БҰҰ мүше-мемлекеті қолдаса, 12 қарсы шықты, 56 дауыс бермей қойды.

Украина

Қырым, Донецк пен Луганск облыстарының бөлігі (2014–)

нобай|оңға|Қырым аннексиясы барысындағы Ресей президенті Путин мен Қырымның ресейшіл шенеуніктері

Ресейдің әскери басқыншылығынан кейін Украина Қырым түбегі және Донецк пен Луганск облыстары бөлігіндегі билігінен айырылды. Ресейдің 2014 жылғы наурызда Қырымды аннексиялағанынан кейін жағдай одан әрі күрделі болды да, содан бері Ресей Қырымды Қырым Республикасы және Севастополь субъектілері арқылы басқарып келеді. Украина Қырымды өз жері деп мойындауын жалғастырады және оны бұл жағдайда халықаралық қауымдастықтың біразы және БҰҰ Бас ассамблеясының 68/262 резолюциясы қолдайды.

Украинаға басып кіру (2022–)

нобай|оңға|Украинаның жауланған жерін бейнелейтін карта

2022 жылғы ақпанда Ресей Донецк және Луганск Халық Республикаларын егемен мемлекет деп мойындады да, Украинаға толыққанды басып кірді. «Бітімгершілік қызмет жасасын» деп Ресей президенті Путин Украинаға 22 ақпанда өз әскерін жіберді. 24 ақпанда ол «арнайы әскери операцияның» басталғанын жариялап, ресейліктердің оны «соғыс» дегенін заңсыз қылды. 2022 жылғы қазандағы жағдай бойынша Ресей қарулы күштері, Вагнер ЖӘК, Қадыровшылар мен украин сепаратистері көмегімен Донецк облысы, Харьков облысы, Херсон облысы, Луганск облысы, Николаев облысы мен Запорожье облысының бөліктері мен бүкіл Қырым түбегіне басшылық етіп тұр. Қыркүйекте Украина Харьков облысының бүкілін дерлік қайтарып алды.

Тағы қараңыз Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Оккупация Санат:Грузия саясаты Санат:Молдова саясаты Санат:Украина саясаты Санат:Орыстілді елдер және территориялар Санат:Орыс-украин соғысы Санат:Грузиядағы соғыс (2008) Санат:Транснистрия қақтығысы Санат:Украинадағы қақтығыстар Санат:Посткеңестік кеңістіктегі қарулы қақтығыстар Санат:Азиядағы таласты аймақтар Санат:Еуропадағы таласты аймақтар Санат:Грузия-Ресей қатынастары Санат:Молдова-Ресей қатынастары Санат:Ресей-Украина қатынастары