Қалы Байымбетов (1937 жылы туған, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Калинин атындағы кеңшар - 2008, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы) – ауыл шаруашылығының маманы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1967-1970).

Еңбек жолын Калинин атындағы ұжымшарда шопан болып бастады.

Есімі «Қазақ КСР-нің Алтын кітабына» жазылған (1964). 1987 – 1993 жылдары кеңшарда егін шаруашылығымен айналысып, зейнеткерлікке шықты. Мал шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі үшін «Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген ауыл шаруашылық қызметкері» құрметті атағы берілді. 2 Ленин (1964, 1975), Еңбек Қызыл Ту (1971, 1977) ордендерімен марапатталғанОңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:1937 жылы туғандар Санат:Созақ ауданында туғандар Санат:2008 жылы қайтыс болғандар Санат:Шолаққорғанда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР-нің Алтын кітабына енгізілгендер Санат:Ленин орденінің екі мәрте иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері