Емре Шахин () — Лос Анжелес (Калифорния, АҚШ) және Ыстанбұл (Түркия) қалаларында тұратын түрік фильм және телехикая режиссері. Шахин — тәжірибелі режиссер, оператор және монтажшы. Оның марапаттарға ие болған Canta атты қысқаметражды фильмі Beverly Hills кинофестивалінде "Үздік операторлық жұмыс", West Chester кинофестивалінде "Көрермендер таңдауы", Fort Lauderdale халықаралық кинофестивалінде "Үздік шетелдік қысқаметражды фильм" жүлделерін жеңіп алды және Turkuaz журналы Canta-ны 2005 жылдың ең үздік фильмі деп атады. Palm Springs Festival of Shorts және Rhode Island International Film Festival кинофестивальдері Canta-ны өз фестивальдерінің әр санаттағы үздік фильмдерінен құралған Best of the Festival турлық көрсетілімдеріне таңдады. Сонымен қатар, Canta әлемнің түкпір-түкпіріндегі Үндістаннан Ирландия мен Италияға дейінгі 30-дан астам кинофестивальдердің ресми таңдауы болды.

Сценарийлі фильмдер саласына келмей тұрып, Емре ABC, ABC Family, MTV, VH1, The History Channel, Travel Channel, Food Network, TLC және Discovery Channel сияқты арналарға арналған деректі және реалити-шоуларды режиссерлік етіп, монтаждаған. Оның соңғы режиссерлік жұмыстарының қатарына TLC арнасындағы Beyond the Bull атты 10 бөлімді телехикаясы кіреді. Бұл жоба әлемнің үздік үш бұқамен шабандозының 2005 жылғы қиын PBR маусымында әлем чемпионы атануға талпынысын баяндайды. Сондай-ақ ол JWT (James Walter Thompson деп аталған ірі жарнама агенттігі) тапсырысы бойынша түсірілген Life as a Marine деректі фильміне режиссерлік еткен. Қазіргі уақытта ол History Channel арнасына арналған 13 бөлімді деректі хикая — Cities of the Underworld жобасының атқарушы продюсері, режиссері және авторы болып табылады.

Ол жақында екі маусымдық Rise of Empires: Ottoman телехикаясына режиссерлік етті. Бұл жоба 2020 жылдың 24 қаңтарында жарық көрді.

Емре Шахин Түрік телеарналарында жиі қонақ ретінде қатысады.

Қазіргі уақытта ол 7 Days in Baghdad атты толықметражды фильмінің өндіріс алдындағы кезеңінде (pre-production) жұмыс істеп жатыр. Yeter diye kizardimHep cok televyzionAmerika insesi Turk yonetmeni Americana yasior

Сілтемелер

Thirty Four Productions (34P) website Interview with Emre Sahin Interview with Emre Sahin Interview with Emre Sahin Canta film website 40 film website

Дереккөздер