Алтын империя () – америкалық Karga Seven Pictures компаниясы қазақстандық «Дара» президенттік қорымен бірлесіп түсіріп жатқан 6 сериялы деректі телесериал. Телесериал Жошы ұлысының (Алтын Орда) 800 жылдығына орай, оның негізін қалаушы Жошы ханның өмірі жайлы баяндайды. Жобаның режиссерлері Емре Шахин мен Фикрет Маноғлы. Жобаға Джастин Поллард (Викингтер), Клер Мурс (Заңнан тыс патша) сияқты сценарийшілер, оған қоса қазақстандық тарихшылар қатысты.
Сюжеті Сериал XIII–XIV ғасырларда өмір сүрген Жошы ханның ұлысы мен Алтын Орда тарихына негізделген. Оқиғалар көшпелі өркениеттің қалыптасуы, билік үшін күрес, дипломатиялық қарым-қатынастар мен мәдениетаралық байланыстар төңірегінде өрбиді.
Өндіріс 2025 жылдың 14 қаңтарында Ыстанбұл қаласындағы Karga Seven Pictures кинокомпаниясының кеңсесінде «Алтын империя» жобасының шығармашылық тобының отырысы өтті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің, сондай-ақ Karga Seven Pictures компаниясының тең құрылтайшылары Емре Шахин мен Фикрет Маноғлының қатысуымен өткен бұл кездесуде сериалдың барлық алты бөлімінің соңғы сценарий нұсқасы мен басты рөлдерге бекітілген актерлік құрам мақұлданды. Жобаға қатысуға түскен 4 000-нан астам өтінімнің ішінен 350 актер таңдалып алынды. Олардың қатарында 250 қазақстандық пен Швеция, Бельгия, Англия, Германия, АҚШ және Моңғолиядан келген 100 әртіс бар. Кездесу барысында сериалдағы костюмдер, декорациялар мен реквизиттер де таныстырылды. Бұған дейін сериал түсірілімінің тек 40%-ы Қазақстанда өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда түсірілім алаңдарын жан-жақты зерттегеннен кейін, сериалдың бас продюсері әрі режиссері Емре Шахин барлық түсірілімді толық Қазақстан аумағына көшіру туралы шешім қабылдады. Түсірілімдер 2025 жылдың ақпан айында басталады. Сондай-ақ, екінші кастинг толқыны өтетіні жоспарланған, ол эпизодтық рөлдер мен балалар рөлдеріне арналған. Жошы ханның ұлысына 800 жыл толуына орай және «Дара» Президенттік бастамалар қорының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Алтын империя» сериалының сценарийін жазуға Джастин Поллард («Викингтер»), Клэр Мурсом («Заңнан тыс патша») сынды белгілі сценаристермен қатар, қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар қатысқан. Сериал авторлары Жошы ұлысы, Алтын Орда тарихын, сондай-ақ көшпелі халықтар мен қазақтардың мәдени құндылықтары мен өмір салтын терең зерттеген. Алтын Орда тарихы халықаралық аудитория мен дистрибьюторлардың үлкен қызығушылығын тудырды. Жаңа сериал – әлемдік көрерменнің назарын аударатын ірі жоба болмақ.Золотая Империя в историческом сериале о Джучи ханеНаследие великого предка потомок Джучи хана
Дереккөздер
Санат:АҚШ телесериалдары