Беларусь Республикасының үкіметі () және оның құрамындағы Беларусь Республикасының Министрлер Кабинеті () — Беларусь атқарушы билігінің бас органы. Беларусь президенті тарабынан тағайындалатын бұл үкіметтің басшысы — Беларусь президенті, ол үкіметтің негізгі күн тәртібіне және министрлеріне басшылық етеді.

Өкілеттігі және міндеті Министрлер Кеңесі — елдегі ең жоғарғы әкімшілік орган, үкіметтің күнделікті қызметіне жауап береді. Ол Беларусь президентіне және Ұлттық Жиналыста есеп береді. Министрлер Кеңесі Беларусьтің бүкіл аумағына өкілетті қаулылар шығарады. Беларусь премьер-министрі өз құзыреті шегінде-ақ өкімдер шығарады. Үкімет мынадай құзыреттерге ие: Мемлекеттік басқару органдары жүйесін және оған бағынысты басқа да атқарушы органдарды басқарады, соның ішінде: мемлекеттiк әкiмшiлiк органдар, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, концерндер (Белгоспищепром, Беллегпром, Белнефтехим, т.б.) және үкіметке бағынысты ұйымдар (Беларус тұтынушылар қоғамдарының республикалық одағы) Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды іске асыру бойынша шаралар қабылдайды Республикалық бюджет жобасын және оның атқарылуы туралы есепті әзірлейді және Парламентке жіберу үшін Президентке ұсынады Бірыңғай экономикалық, қаржылық, ақша-несие саясатын, ғылым, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік қамсыздандыру және еңбекақы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекет мүдделерін, ұлттық қауіпсіздігін сақтау, мүлікті және қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыспен күресу бойынша шаралар қабылдайды Республика меншігіндегі мүлікке қатысты меншік иесінің атынан әрекет етеді, мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады Конституцияның, заңдар мен жарлықтардың, Президент жарлықтары мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді Министрлiктер мен өзге де республикалық мемлекеттiк басқару органдарының актiлерiнiң күшiн жояды Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Құрамы Беларусь Министрлер кеңесінің құрамына: Беларусь премьер-министрі Беларусь премьер-министрінің орынбасарлары министрлер мемлекеттік комитеттердің төрағалары Беларусь Министрлер кеңесі Аппаратының басшысы Беларусь ұлттық ғылымдар академиясы Президиумының төрағасы Беларус тұтынушылар қоғамдарының республикалық одағы басқармасының төрағасы Беларусь президентінің шешімінше өзге де лауазымдар енеді.

Қазіргі құрылымы 2025 жылғы 10 наурызда Александр Лукашенко елдің премьер-министрі қылып Александр Турчинді тағайындады.

Лауазымы Аты-жөні Премьер-министр Александр Генрихович Турчин Премьер-министрдің бірінші орынбасары Николай Геннадьевич Снопков Премьер-министрдің құрылыс, ТҮКШ және көлікмәселелері бойынша орынбасары Анатолий Александрович Сивак Премьер-министрдің өндіріс және энергетикамәселелері бойынша орынбасары Виктор Михайлович Каранкевич Премьер-министрдің әлеуметтік сала —денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спортмәселелері бойынша орынбасары  Владимир Степанович Караник Премьер-министрдің ауыл шаруашылығымәселелері бойынша орынбасары  Юрий Витольдович Шулейко Монополияға қарсы реттеу және сауда министрі Артур Борисович Карпович Сәулет өнері және құрылыс министрі Александр Викторович Студнев Ішкі істер министрі Иван Владимирович Кубраков Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі Геннадий Алексеевич Трубило Денсаулық сақтау министрі Александр Валерьевич Ходжаев Сыртқы істер министрі Максим Владимирович Рыженков Ақпарат министрі Марат Сергеевич Марков Мәдениет министрі Руслан Иосифович Чернецкий Орман шаруашылығы министрі Александр Антонович Кулик Қорғаныс министрі Виктор Геннадьевич Хренин Білім министрі Андрей Иванович Иванец Салықтар және алым бойынша министр Дмитрий Николаевич Кийко Төтенше жағдайлар министрі Вадим Иванович Синявский Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Сергей Михайлович Масляк Өнеркәсіп министрі Александр Владимирович Ефимов Байланыс және ақпараттандыру министрі Кирилл Борисович Залесский Ауыл шаруашылығы және азық министрі Юрий Николаевич Горлов Спорт және туризм министрі Сергей Михайлович Ковальчук Көлік және коммуникация министрі Алексей Алексеевич Ляхнович Еңбек және әлеуметтік қорғаныс министрі Наталия Викторовна Павлюченко Қаржы министрі Юрий Михайлович Селиверстов Экономика министрі Юрий Адамович Чеботарь Энергетика министрі Алексей Иванович Кушнаренко Әділет министрі Евгений Иосифович Коваленко Мемлекеттік әскери-өнеркәсіп комитетінің төрағасы Дмитрий Александрович Пантус Мүлік бойынша мемлекеттік комитет төрағасы Дмитрий Феофанович Матусевич Ғылым және технологиялар бойыншамемлекеттік комитет төрағасы Сергей Владимирович Шлычков Стандарттау бойынша мемлекеттік комитет төрағасы Елена Михайловна Моргунова Мемлекеттік шекаралық комитет төрағасы Константин Геннадьевич Молостов Мемлекеттік кеден комитеті төрағасы Владимир Николаевич Орловский Беларусь ұлттық ғылымдар академиясының төрағасы Владимир Григорьевич Гусаков Беларус тұтынушылар қоғамдарыреспубликалық одағының төрайымы Инесса Леонидовна Короткевич

Дереккөздер

Санат:Беларусь үкіметі Санат:Беларусь Министрлер кеңесі