Қаскелең мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық.
Орналасқан жері Қаскелең өзені бастауында, Қаскелең шыңы беткейінде қалыптасқан.
Аумағы Жалпы ұзындығы 2,8 км, ашық бөлігі – 1,9 км. Ауданы 2,3 км2, оның ішінде ашық бөлігі – 1,8 км2. Мұзының көлемі 0,09 км3. Мұздық солтүстік-батысқа қарай өсуде. Фирн сызығы 3900 м биіктіктен өтеді. Мұздық тілі 3520 м-ге дейін төмендейді. Жалпы мұздықтағы морена шөгіндісі кең аумақты келеді, 5 км-ге созылған аңғар түбі соған толы. Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Алматы қ. 1983 ж.
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы мұздықтары Санат:Іле Алатауы