Қарақасқа – Ертіс алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Андриановка ауылынан оңтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 93,2 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 11,6 км2, ұзындығы 4,5 км, енді жері 4 км, жағалау бойының ұзындығы 13 км, ең терең жері 0,16 м, суының көлемі 0,20 млн. м3. Суын 205 км2 жерден жинайды.
Жағалау сипаты Пішіні сопақша келген. Су жиналатын алабы сәл белесті тегіс жазық. Жағалаулары аласа, солтүстік және оңтүстік жағалаулары жарқабақты (4 – 5 м). Суы мал суаруға жарамсыз.
Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері Санат:Ертіс су алабы