Кассари () — Эстонияның батысындағы арал. Аралда эстонияның мәдени мұра орындары Кассари шіркеуі (часовня) орналасқан.

Сипаттама Кассари аралы Хийумаа аралының оңтүстік жағалауында орналасқан және Эстонияның 5 ірі аралы болып табылады. Арал ең шуақты, теңіз суы Эстония жағалауында ең жылысы болып саналады. Жағасы ұсақ тас үгінділерімен, ал аумағы аршамен жабылған.

Аралдың ауданы 19,3 км2. Оның жағалауларын Яу, Кайн, Ваэмла, Кассар және Ыунаку шығанақтарының сулары шайып жатыр, олардың арасында 40 арал шашыраңқы орналасқан. Кассари 3000 жыл бұрын судан арылып және қазір теңіз деңгейінен 15 метр биіктікте орналасқан.

Кассари Хийумааның оңтүстік-шығыс жағалауынан қамыспен көмкерілген Кайна шығанағымен бөлінген. Ұзындығы 56 шақырымнан асатын жағалау сызығы бар. Арал біркелкі жарты ай тәрізді.

Тарихы Кассари туралы алғаш рет 1520 жылы айтылған. Шамамен жүз жыл бойы Кассари аралының көп бөлігін Кассари кешені иеленді. Кейбір ғимараттар мен тас қоршаумен қоршалған саябақ бүгінгі күнге дейін сақталған. Бүгінгі күні Keldrimäe қонақ үйі кешен орнында орналасқан. Кассари 18 ғасырдың басында Ваемла мүйісінен бөлінді.

Флора, фаунасы Өсімдік әлемі шалғынды, қылқан жапырақты және арша тоғайымен ұсынылған. Көптеген құстар Кяйнаа шығанағына жақын аралда ұя салады.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Эстония аралдары