Вроцлавтағы шешек індеті — шешектің өршуі 1963 жылы жазда Польшаның Вроцлав қаласында орын алды. Ауруды Үндістаннан оралған Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің бір офицері әкелген. Эпидемия екі айға созылып, оның барысында 99 адам ауырып, 7 адам қаза тапты. Бұл жағдай Вроцлав қаласының жабылып, карантинге алынуына себеп болды.
Бұл Еуропадағы шешек ауруының соңғы індеттерінің бірі болды (соңғысы — 1972 жылы Югославиядағы індет) және COVID-19 пандемиясына дейінгі Еуропадағы ең ірі індет болып саналады.
Польшада шешекке қарсы вакцинация 1919 жылы басталып, ауру 1937 жылы жойылды.
Науқас Вирусты Польшаға әкелген адам – подполковник Бонифаций Единак еді. Ол 1963 жылдың 22 мамырында Үндістанның Дели қаласынан оралып, белгісіз дертке шалдықты. Вроцлавтағы Ішкі істер министрлігі ауруханасына жатқызылып, оған безгек (малярия) диагнозы қойылды. Осы уақытта оған күтім жасаған медбике шешекпен жұқты, оның белгілері жеңіл түрде өтіп, бастапқыда желшешек деп қабылданды. Кейіннен оның ұлы, қызы және оларды емдеген дәрігер де жұқтырып, қайтыс болды.
Індеттің өршуі thumb|Вроцлав қаласына кіруді шектейтін белгі Лония Ковальчик бұл індеттен қайтыс болған алғашқы адам болды. 1963 жылғы 15 шілдеде, алғашқы науқас тіркелгеннен 47 күн өткен соң, қалада індетке қарсы төтенше жағдай жарияланды. Сол күні Польшаның астанасы Варшавадан 10 000 вакцина жеткізілді. Сонымен қатар шамамен 1 миллион вакцина КСРО мен Венгриядан әкелінді. 1963 жылғы 1 тамыздан бастап екпе егу міндетті болды. Вакцинация тәулік бойы Вроцлав теміржол вокзалында жүргізілді. Егу науқаны екі айға созылды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастапқы бағалауынша, індет екі жылға созылып, 2000 адам қайтыс болуы мүмкін еді. Алайда жедел әрекет пен вакцинаға кең қолжетімділік арқасында індеттің таралуы тоқтатылып, ол ресми түрде 1963 жылғы 19 қыркүйекте аяқталғаны жарияланды. Барлығы 8,5 миллион адамға екпе егілді.
Дереккөздер
Сілтемелер Variola vera — ospa prawdziwa — we Wrocławiu w PKF na stronie KronikaRP
Санат:Польшадағы эпидемиялар Санат:Шешек эпидемиялары