нобай|оңға|200px|Мордва ұлттық дінінің символы Эрзянь Мастор белгісі ретінде де қолданылады

Эрзя дәстүрлі діні (, erzań pazneń oznomate), кейде Эрзя неопаганизмі — эрзялар этникалық дінін жандандыру қозғалысы. Эрзя дәстүріндегі Бас Құдай (, «Нишке құдай») делінеді.

Ежелден бар эрзя дәстүрлі діні шамамен XX ғасырға қарай дерлік жоғалды.Filatov, Sergei; Shchipkov, Aleksandr. "Religious Developments among the Volga Nations as a Model for the Russian Federation". Religion, State & Society, Vol. 23, No. 3, 1995. p. 234. Неопаганист жандануы 1990 жылы басталды,Schnirelmann, Victor: “Christians! Go home”: A Revival of Neo-Paganism between the Baltic Sea and Transcaucasia. Journal of Contemporary Religion, Vol. 17, No. 2, 2002. p. 206. (archived) бұл үрдіс басқа ұлттарда да байқалды.

Ғалым Виктор Шнирельман ақпаратынша, эрзялардың 2% христиандықтың орнына дәстүрлі дінге сенеді. «Эрзянь Мастор» ұйымының мүшелері 3 жыл сайын Раськень Озкс (эрзяшадан: «Ұлттық дұға») діни мейрамын өткізеді. Мейрамға «Масторава» ұйымының мүшелері де, басқалар да қатысады.

Тарихы Эрзя дәстүрлі діні, мордва ұлтшыл қозғалысымен қатар, КСРО үкіметінің соңғы жылдарына қарай дамып кетті. 236-бет Мордвалардың республикада азшылық болғанынан, БАҚ-тың коммунистік болғанынан ежелгі дінді жандандыру аса күрделі еді. Орыс демократтары да, коммунистері де мордва ұлтшыл қозғалысына қарсы болатын.

Қайта құру кезеңінің басына қарай Мордва ұлтшыл қозғалысы Орыс православ шіркеуіне қарсы шығып, оны «басқыншы діні», «орыстандыру идеологиялық күші» деген. Кейін Саранск Мәдениет министрлігі неопаганизмді қолдады да, осылайша жергілікті епископтардан сын көрді. Неопаганистердің тұңғыш буыны осылайша пайда болды. Неопаганизмді жандандырумен тағы ақын Раиса Кемайкина басқарған «Масторава» ұйымы мен Саранск интеллигенциясы айналысты.

Масторава — Ұлттық жандану эрзя қоғамы Паганизмді жандандыру, «эрзя ұлттық қоғамын» дамыту мақсатымен 1990 жылы «Масторава» қозғалысы құрылды. Ұйым 2002 жылдан бері Мәскеуде тіркелген. Қазіргі президенті — Николай Васильевич Бутилов.

Эрзянь Мастор нобай|оңға|Раськень Озкс мейрамына қатысып жатқан эрзя әйелдері

«Эрзянь Мастор» (эрзяшадан: Эрзя Елі) — «Масторава» қауымдастығынан бөлінген жаңалау ұйым. Бастапқыда оған Маризь Кемаль басшылық етті. Топ эрзя ұлтшылдығын, паганизмін жақтайды, христиандыққа қарсы тұрады. «Атлас» чуваш газетіне берген сұхбатында Маризь Кемаль христиандық туралы былай деді:

1992 жылы Маризь Кемаль онжылдықтар, не ғасырлар бойы өтпей қалған паганист ұлттық жорасын өткізді.Filatov, Shchipkov. p. 237. Ұмыт болған дұға сөздерін көрші ауылдар еске түсірді де, Маризь Кемаль эрзя халқының тұңғыш әйел «шіркеушісі» атанды.

Тағы қараңыз Эрзянь Мастор газеті

Дереккөздер

Санат:Орал неопаганизмі Санат:Ресейдегі неопаганизм Санат:Мордвалар