Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов (20 тамыз 1957, Жарсу ауылы, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — Өскемен қаласының әкімі (2008-2009, 2013-2016).

Өмірбаяны 1957 жылы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жарсу ауылында дүниеге келген.

1981 жылы Томбы инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 1998 жылы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-экономист-менеджер біліктілігін иеленіп бітірген.

Еңбек жолын 1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы «Қарабұлақ» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1981 жылы институтты бітіргеннен кейін ШҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инженері, кейін Өскемен қалалық тұрғын үй шаруашылықтағы шаруашылық есеп басқармасының үй басқармасы бас инженері болып жұмыс істеді. 1986 жылдан бастап — Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық коммуналдық шаруашылықтың біріккен кәсіподақ ұйымы төрағасы, 1988 жылдан бастап — Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өндірістік бірлестігінің жетекші инженері қызметін атқарды. Өмірбаянының келесі жеті жылын Өскемен қаласы Октябрь аудандық әкімшілігінде басшылық қызметтерде атқарды. 1996 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақтарды дамыту басқармасының сектор меңгерушісі, бөлім басшысынан ШҚО құрылыс және сәулет басқармасы басшысының орынбасарына дейінгі лауазымдарда жұмыс істеді.

2007 жылы ШҚО құрылыс басқармасы басшысы болды. 2007 жылдың 15 наурызынан бастап — Шығыс Қазақстан облысы құрылыс департаментінің директоры қызметін атқарды. 2008 жылдың 6 маусымынан бастап — Шығыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысы болды.

2008 жылдың тамыз айында ШҚО облыс орталығының әкімі болып тағайындалды.

2009 жылдың 11 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі міндеттерінде еңбек ете бастады.

2013 жылдың 25 мамырынан 2016 жылдың 20 сәуіріне дейін қайтадан Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды.

2016 жылдың 18 маусымынан 2019 жылдың наурызына дейін Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімі атанды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы лауазымында жұмыс істеп келеді.

2023 жылдың 29 тамызында Темірбек Жұмақұлұлына «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Дереккөздер

Санат:Өскемен әкімдері Санат:Өскеменнің құрметті азаматтары Санат:Жарма ауданының әкімдері Санат:Зайсан ауданының әкімдері