«Өрмек» операциясы () — Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде Украина Қауіпсіздік қызметі жүзеге асырған әскери операция. 2025 жылғы 1 маусымда осы операция аясында Ресейдің әскери аэродромдарына, оның ішінде стратегиялық авиация орналасқан нысандарға, FPV-дрондармен шабуыл жасалды. Дрондар ұшыру орындарына жүргізушілерден жасырын түрде жүк көліктерімен жеткізілген. Бұл Ресей аумағының тереңіндегі әскери инфрақұрылымға жасалған ең ауқымды шабуыл болды.

Алғышарттары Бұл шабуыл соғыстың басталғанынан бері Ресей тарапынан Украинаға жасалған ең ірі шабуылдан кейін, бір апта өткен соң жүзеге асты. Ол шабуыл кезінде 367 зымыран мен дрон қолданылып, 13 бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын.Ukrainian drones hidden inside wooden sheds, transported on trucks to Russian bases Сонымен қатар, операция 2025 жылғы 2 маусымда Ыстанбұлда өткен Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздердің қарсаңында іске асты. Ресей тарапынан келіссөз өткізу ниетін сыртқы істер министрі Сергей Лавров 2025 жылғы 28 мамырда мәлімдеген, ал Украина бұл ұсынысты 30 мамырда қабылдады. Шабуыл Ресей аумағында 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні орын алған бірнеше көпірдің жарылу оқиғаларымен тұспа-тұс келді. Украина бұл операция туралы АҚШ-ты алдын ала хабардар етпеген.Зеленский поблагодарил всех участников атаки на аэродромы РФ

Дайындық 200px|thumb|left|2025 жылғы 1 маусымдағы арнайы операция барысында Украина Қауіпсіздік қызметінің (СБУ) басшысы Василий Малюк Ресейдің бес әскери аэродромының спутниктік суреттерін зерттеуде. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ресей Қарулы Күштерінің иелігінде 54 Ту-22М3 және 58 Ту-95М бомбалаушы ұшағы болғанымен, олардың нақты қаншасы ұшуға жарамды екені белгісіз еді.Ukraine Says It Destroyed Dozens of Warplanes Deep Inside Russia «Өрмек» кодтық атауымен белгілі операцияны Украина Қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк басқарды.Война Тысяча сто девяносто четвёртый день. Операция «Паутина»: украинские дроны нанесли удар по военным аэродромам в четырёх регионах России. В Брянской и Курской областях обрушились мосты Бұл операция бір жарым жылдан астам уақыт бойы дайындалған. Ресей аумағына жасырын түрде жеткізілген ұшқышсыз ұшу аппараттары (БПЛА) тұрмыстық контейнерлердің ішіне жасырылып, олар жүк көліктерімен тасымалданған. Қажетті сәтте контейнерлердің төбесі қашықтан ашылып, дрондар іске қосылған.

Барысы 2025 жылғы 1 маусымда жүк көліктеріне орнатылған арнайы тұрмыстық контейнерлерден ұшырылған дрондар стратегиялық және алыс қашықтықтағы бомбалаушы ұшақтарға, сондай-ақ әскери-көліктік авиацияға шабуыл жасады. Бір уақытта төрт әуе базасы – «Дягилево», «Оленья», «Иваново» және «Белая» – шабуыл нысанасына айналды. Украина тарапының мәліметінше, операция барысында барлығы 117 ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылған.

«Оленья» әуе базасы Мурманск қаласының оңтүстігіндегі «Оленья» әуе базасына стратегиялық авиация ұшақтарының жаппай көшірілгені туралы ақпарат БАҚ-та жарияланғаннан кейін, бұл нысанға FPV-дрондар көмегімен шабуыл жасалды. Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, бірнеше стратегиялық бомбалаушы ұшақ айтарлықтай зақым алған. Оленегорск қаласының тұрғындары жарылыстар мен өрт туралы мәлімдеді. Кейін шабуыл салдарынан болған бүліністерді көрсететін бейнежазба жарияланды. «Оленья» аэродромына жасалған шабуыл жанармай құю бекетінде тұрған жүк көлігінен іске асырылған. Кем дегенде 10 жарылыс тіркелді. Билік Оленегорскке кіріп-шығуға тыйым салып, тұрғындардың қаладан шығуына шектеу қойды. Аталған әуе базада ядролық қару тасымалдауға қабілетті Ту-22М3 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары орналастырылған. OSINT бағытындағы AviVector жобасының 2025 жылғы 26 мамырдағы деректеріне сәйкес, «Оленья» базасында сондай-ақ 2 Ту-95МС бомбалаушысы, 3 Туполев Ту-160 және 2 Су-34 жойғыш ұшағы орналасқан.

«Белая» әуе базасы Шабуыл Иркутск облысының Усолье ауданында орналасқан «Белая» әскери аэродромына жасалған болуы мүмкін. Оқиғаны жергілікті тұрғындар мен облыс губернаторы растады. Губернатор Игорь Кобзевтің мәлімдеуінше, Новомальтинск елді мекеніндегі ескі ғимаратқа да соққы берілген. Мурманск облысындағыдай, бұл жерде де дрондар жүк көлігінен ұшырылған. Бұл — соғыс басталғалы бері Сібір аумағында тіркелген алғашқы шабуыл болды. Аталған аэродромда Ту-22М3 бомбалаушы ұшақтарымен жарақталған 200-гвардиялық ауыр бомбалаушы авиациялық Брест Қызыл Ту полкі орналасқан. AviVector OSINT-жобасының деректері бойынша, шабуылдан бір күн бұрын әуе базада 52 алыс қашықтыққа ұшатын және стратегиялық бомбалаушы ұшақ (35 Ту-22МЗ, 6 Ту-95МС және 7 Туполев Ту-160) және 30 МиГ-31 жойғыш ұшағы, сондай-ақ 8 бірлік қосалқы және көлік авиациясы болған.Украина за один день уничтожила и повредила не менее 6 % российских стратегических бомбардировщиков // «Агентство», 01.06.2025

«Дягилево» әуе базасы Deutsche Welle және Би-Би-Си-дің СБУ-дағы дереккөздері Рязань маңындағы «Дягилево» аэродромына шабуылдар жасалғанын хабарлады. Жергілікті губернатор да шабуылды растады. Ол атып түсірілген дронның сынығы тұрғын үйдің шатырын зақымдағанын, ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді. Шабуыл кезінде 7 жарылыс тіркелді.Украина провела серию атак на ядерные объекты России. Главное Бұл аэродромда Ту-95МС және Ту-22М3 бомбалаушы ұшақтары орналасқан.

«Иваново» әуе базасы Deutsche Welle және Би-Би-Си-дің СБУ-дағы дереккөздері аттас облыс орталығы маңындағы «Иваново» аэродромына жасалған шабуылдар туралы хабарлады. Жергілікті билік шабуыл туралы ештеңе хабарлаған жоқ. «Иваново» аэродромы Украинамен шекарадан 500 километрден астам қашықтықта орналасқан. 2025 жылдың 23 мамырында бұл әуе база шабуылға ұшыраған болатын.Атака дронов по России: ПВО в Москве, удары по Липецкой области и Иваново The Moscow Times басылымының болжамы бойынша, аэродромда Ресей әскерлері Украинаның әуе қорғаныс жүйелерін анықтау үшін қолданатын А-50 алыс радиолокациялық анықтау және басқару ұшақтары зақымдалуы мүмкін. The Telegraph басылымы Украина арнайы қызметтерінен аэродромға жасалған шабуылды және дронның кем дегенде екі А-50 ұшағына тигенін растайтын видеожазбалар алғанын хабарлады.

Салдары Украина Қауіпсіздік қызметінің ресми баспасөз хабарламасына сәйкес, Ресейге келтірілген залал көлемі 7 миллиард АҚШ долларына дейін жетеді. Олардың мәлімдеуінше, шабуыл нәтижесінде 41 ұшақ (оның ішінде А-50 ұшақтары, Туполев Ту-95 және Ту-22М3 бомбалаушылары) жойылған немесе зақымданған. Бұл — Ресей Федерациясының негізгі аэродромдарында орналасқан қанатты зымырандарды алып жүретін стратегиялық ұшақтардың 34 %-ын құрайды.Дані СБУ: удари по аеродромах уразили 34 % стратегічних носіїв крилатих ракет Росії // Радіо «Свобода», 01.06.2025

2025 жылғы 3 маусымда Украина Қарулы Күштері Бас штабы шабуылдар барысында Ресейдің 41 ұшағы жойылғанын ресми түрде мәлімдеді.

НАТО-ның бағалауынша, Ресейдің стратегиялық авиациясына тиесілі 40-тан астам әуе техникасы зақымданған, оның ішінде 10-нан 13-ке дейін бірлігі толықтай жойылған. Олардың қатарында: 15 Ту-95 бомбалаушысы, 12 Ту-22М3 және А-50 ерте ескерту ұшағы бар (бұл үлгідегі тек шамамен бес ұшақ Ресей қару-жарағында болуы мүмкін). Жалпы алғанда, Ресейдің қанатты зымырандарды алып жүретін стратегиялық тасымалдаушыларының 34 %-ы жойылған. Ресми түсіндірмеде: «Бұл ұшақтар соғыс басталғалы бері Украинадағы азаматтық нысандар мен инфрақұрылымдарға 3000-нан астам қанатты зымыран атқан» делінген.

Реакция 2025 жылғы 1 маусымда Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Мурманск, Иркутск, Иваново, Рязань және Амур облыстарындағы әскери аэродромдарға жасалған шабуыл фактісін растады. Ведомство бұл шабуылды «FPV-дрондар арқылы жасалған теракт» деп атады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Мурманск және Иркутск облыстарындағы аэродромдарда бірнеше авиациялық техника өртенген, қалған аэродромдарда шабуылдар тойтарылған. Сондай-ақ, ведомствоның айтуынша, қаза тапқандар жоқ, өрттер жойылған, «терактке қатысы бар кейбір тұлғалар ұсталды».

2025 жылғы 1 маусымда Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында операцияға қатысты пікір білдіріп, оның нәтижесін «мүлдем керемет» деп атады және оған дайындықтың бір жарым жылдан астам уақытқа созылғанын атап өтті. Ол операцияның «Украинаның дербес нәтижесі» болғанын және оның қатысушылары Ресей аумағынан алдын ала кетіп қалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл операция соғыс басталғалы бері Украина жүргізген операциялардың ішіндегі «ең алысқа жететіні» болған және оған 117 FPV-дрон мен сонша дрон операторлары қатысқан. Сондай-ақ, ол операцияның «кеңсесі» Ресей облыстарының біріндегі ФСБ басқармасының жанында орналасқанын атап өтті. Зеленский бұл операция «тарих оқулықтарына міндетті түрде енеді» деген сенім білдіріп, Украина Қауіпсіздік қызметіне жариялауға рұқсат етілген мәліметтерді жариялауды тапсырды.Зеленский: Операция «Паутина» точно будет в учебниках истории // «Медуза», 1 июня 2025. Дата обращения: 1 июня 2025. 2025 жылғы 1 маусымдағы кешкі үндеуінде Зеленский Украина Қауіпсіздік қызметіне, жеке генерал Василий Малюкке, сондай-ақ операцияны өткізуге қатысқандардың барлығына алғыс білдірді.

Дереккөздер

Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі Санат:2025 жылдағы Ресей