Қарақия – Бала Қосмұрын жотасының солтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданы Биғаш ауылының оңтүстігінде 9 км жерде орналасқан. Көкпекті өзенінің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 824 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км шамасында.
Жер бедері Беткейі тіктеу келген, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудың солтүстік-шығыс бөлігінің түпкі жыныстары жалаңаштанып, сай-жыралармен тілімденген.
Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңінің төменгі бөлімінің тау жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Аласа таудың қоңыр топырақ жамылғысында далалық өсімдіктер, бұлақтардың маңында бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Көкпекті ауданы таулары