Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов (29 қыркүйек 1981, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері. Семей қаласының әкімі (2022—2024).
Өмірбаяны 1981 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы Л.В. Гочаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары университетін «инженер» мамандығы бойынша. бітірген.
Еңбек жолы 2004-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс комитетінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеді.
2005-2008 жылдары — Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бас маманы, бөлім басшысы, директорының орынбасары болды.
2008-2011 жылдары — Астана қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбектенді.
2011-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасының және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2020-2021 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласындағы «Байқоңыр» ауданының әкімі болды.
2021-2022 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алматы» ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2022 жылдың шілде-қазан айлары аралығында — Абай облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.
2022-2024 жылдары — Семей қаласының әкімі қызметін атқарды.
Марапаттары «Ерең еңбегі үшін» медалі (2016) «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі (2016) «Құрмет» ордені (2021)
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Семей әкімдері