Сабира Егізбайқызы Бибатырова — қазақстандық күйші, композитор, педагог, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, «Sabira Dombyra School» домбыра мектебінің негізін қалаушы әрі жетекшісі.

Өмірбаяны Сабира Егізбайқызы Бибатырова Атырау қаласының Балықшы ауданында дүниеге келген. 1999–2003 жылдары Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжінде, ал 2003–2007 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алды. Консерваторияда белгілі күйші, профессор Қаршыға Ахмедьяровтың класында тәлім алған.

Шығармашылық жолы 2007–2013 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің әртісі болды. 2008–2009 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушылық қызмет атқарды. 2012–2015 жылдары Алматы қаласындағы «Ақ жол» неке сарайын басқарды және «Alma-event» ұйымдастыру агенттігінің жетекшісі болды. 2015 жылы анасының рухына арналған «Сөнбейді ана шырағың» атты шығармашылық кеш өткізді. 2024 жылы «300 қоғам қайраткері» жинағына енді.

Авторлық жобалары Сабира Бибатырова бірнеше шығармашылық концерттің авторы әрі режиссері болып табылады:

«Маржан қыз» (2011); «Есіңе ал» (2016); «Әнім саған аманат» (2016); «Ана – көктем» (2017); «Наурызым мерекем» (2017); «Мәңгілік ел» (2018, 2019); «Қобыз сыры» (2019).

Педагогикалық қызметі 2019 жылы «Toremurat» бағдарламасы аясында «Әр бала – дара бала» домбыра мектебін ашып, дарынды балаларды оқыту жұмысын бастады. 2021 жылдан бастап мектеп «Sabira Dombyra School» атауымен жұмысын жалғастырып келеді. Қазіргі уақытта мектептің Алматы және Атырау қалаларында филиалдары жұмыс істейді. Онда 500-ден астам шәкірт білім алады. 2024 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Sabira Dombyra School» мектебінің 5 жылдық мерейтойлық шығармашылық кеші өтті.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы (2009); «100 ұлт жанашыры» жинағына енді, «Батыр шапағаты» және «Намыс» медальдарымен марапатталды (2021); «Алтын адам» сыйлығы (2022); «Алтын жүрек» номинациясының иегері (2023); «Алтын адам» сыйлығының лауреаты (2025).

Жетістіктері «Айналайын» (1996) — 1-орын «Шабыт» (2000) — 2-орын Дина Нұрпейісова атындағы байқау (2001) — Бас жүлде Қали Жантілеуов атындағы байқау (2002) — Бас жүлде Махамбет атындағы байқау (2003) — Бас жүлде «Алтын домбыра» (2009) — 1-орын

Дереккөздер

Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Күйшілер