Бапан Мұхамеджанов (1925 жылы, Бірлік ауылы, Өскемен уезі, Семей губерниясы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО) — КСРО Түсті металлургия министрлігі Қазақ КСР Шығыс Қазақстан облысы В. И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының катодшысы. Ұлы Отан соғысы және Кеңес-Жапон соғысының қатысушысы, Социалистік еңбек ері.
Өмірбаяны 1925 жылы Қазақ АКСР Семей губерниясы Өскемен уезі Бірлік ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы) туған.
1938-1943 жылдары Қазақ КСР Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты «Бірлік» ұжымшарында шопан көмекшісі болды.
1943 жылдың ақпанынан бастап – Қызыл Әскер қатарына жазылды. Жапониямен соғысқа қатысушы. 1945 жылы – 2-Қиыр Шығыс майданы 15-армиясындағы 34-атқыштар дивизиясының 75-жеке танкке қарсы жойғыш дивизиясының нысанашысы, кіші сержант. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Қарулы Күштерден қайтқаннан кейін 1950-1975 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының (қазіргі Қазмырыш) №1 гидрометаллургиялық цехының электролит бөлімшесінде катодшы болып жұмыс істеді.
Оның алғашқы тәлімгері тәжірибелі катодшы, болашақ Социалистік Еңбек Ері В. Д. Дегтярев жас жұмысшыға шеберліктің қыр-сырын үйретіп, оның бойына сол кәсіби шеберлікті сіңіріп, оны көп ұзамай комбинаттың көрнекті адамдарының біріне айналдырды. Кейін өзі де көптеген металлургтерге тәжірибесімен бөлісті. Оның әдіс-тәсілдерін меңгерген ондаған шәкірттер өз ісінің нағыз шебері атанды. Ол өндірісте белсенді жаңашыл болды. Олар сегіз рационализаторлық ұсыныс енгізіп, іске асырды. Ол 1960 жылы қорғасын-мырыш комбинатында алғашқылардың бірі болып коммунистік еңбектің екпіндісі атанды. Есімі комбинаттың Құрмет кітабына жазылды. 1967 жылы КОКП қатарына қабылданды.
1973 жылы 29 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен көрсеткен еңбек ерлігі және 1973 жылға қабылданған социалистік міндеттемелерді орындаудағы ерекше табысы үшін Бапан Мұхамеджановқа Ленин ордені және «Орақ пен балға» алтын медалін табыстау арқылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1975 жылы қарашада зейнеткерлікке шықтыМұхамеджанов Бапан. «Герои страны» сайты..
Марапаттары «Ерлігі үшін» медалі, 1945 жыл 12 қыркүйек «Жапонияны жеңгені үшін» медалі «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл» мерекелік медалі, 1970 жыл Ленин ордені, 1973 жыл 29 желтоқсан «Орақ пен балға» медалі, 1973 жыл 29 желтоқсан Қазан төңкерісі ордені, 1971 жыл 30 наурыз «Құрметті металлург» атағы
Әдебиет Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Мұхамеджанов Бапан: стр. 553. Герои Социалистического труда — казахстанцы. — Алма-Ата, 1985.
Дереккөздер
Санат:Өскемен уезінде туғандар Санат:Кеңес-Жапон соғысына қатысушылар (КСРО) Санат:КСРО металлургтері Санат:КСРО журналистері Санат:КОКП мүшелері