Шынқожа — Ұлы жүз Дулат тайпасы, Шымыр руының бір тармағы. Шежіре деректеріне қарағанда, Шынқожадан Бозқозы, Бозым, Байтана, Марсым, Боқай, Темір аталары өрбіген.
Революциядан бұрын Шынқожа ұрпақтары Әулиеата, Шымкент, Ташкент аймақтарын мекендеген. Негізінен отырықшы ел болып, диқаншылықты, мал бағуды кәсіп етті.
Атақты Балуан Шолақ Шынқожаның Бозым тармағының Күнту атасынан шыққан. Қазақ совет энциклопедиясы, 12 том, 330 б.
Дереккөздер