Қуаныш Жұмабекұлы Асылов (14 наурыз 1973 жыл, Алматы қаласы) - Қазақстанның саяси мемлекет қайраткері, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

Өмірбаяны 1973 жылы 14 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Заң ғылымдарының магистрі Сэнфорд атындағы Мемлекеттік саясат мектебі, Дьюк университеті, Саяси ғылымдар магистрі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.

Қызметі 1995 − 2002 жылдары − Бизнес құрылымдарында басшылық лауазымдар;

2002 − 2006 жылдары − Мемлекеттік органдарда қызмет;

2006 − 2010 жылдары − Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі;

2010 - 2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің магистранты.

2011 − 2013 жылдары − Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының қаржы-экономикалық кеңесінің төрағасы;

2013 − 2014 жылдары − Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар істері комитетінің төрағасы, Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы;

2014 − 2017 жылдары − Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс және тіл саясаты комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен геральдикалық белгілері жөніндегі сараптамалық кеңестің төрағасы;

2017 − 2018 жылдары − Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қоғамдық-саяси секторының меңгерушісі;

2018 − 2019 жылдары − Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің талдау орталығы жетекшісінің бірінші орынбасары;

2019 − 01.2023 жылдары − Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2023 жылғы қаңтардан 2025 жылғы тамызға дейін − Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

2025 жылғы тамыздан − Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің аппарат басшысы.

Қоғамдық қызметі

Қазақстан Кәсіпқой Бокс Федерациясының Бірінші Вице-Президенті, бокстан спорт шеберіне кандидат; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектері қауымдастығының Президенті; Қазақстан Республикасы таеквондо WTF (World Taekwondo Federation) федерациясының Құрметті Президенті, таеквондодан 4-дан қара белбеу иегері (Black Belt 4th Dan № 041063 Kukkiwon) «Amanat» партиясының мүшесі.

Шығармашылығы

«Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары» кітабының авторы.

Марапаттары «Құрмет» орденінің кавалері; «Ерен еңбегі үшін» медалі; «Астананың 10 жылдығы» медалі; «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ҚР ҰҚК 25 жыл» мемлекеттік медалі.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері