Футзалдан Қазақстан супер кубогы 2025 — жыл сайын өтетін футзал турнирі, ел чемпионы мен кубок иегері кездесетін Қазақстан Суперкубогының 14-ші жарысы. Матч 2025 жылдың 23 тамызында Орал қаласындағы жаңа «JAIYQ ARENA» спорт кешенінде өтті. Ойында алматылық «Қайрат» пен «Семей» футзал клубы кездесті. Батыс Қазақстан облысы бұл турнирді тұңғыш рет ұйымдастырды.

«Семей» бұл матчқа Қазақстан Кубогының финалисі ретінде қатысты, себебі «Қайрат» алдыңғы маусымда чемпионат пен кубокты жеңіп, «алтын дубль» жасаған болатын.

Тарихы

2025 жылғы маусым айының аяғында «Қайрат» плей-офф сериясының соңғы ойынында «Семейді» 3:1 есебімен жеңіп, ел чемпионы атанғанды. Ал наурыз айында семейліктер Қайратты 5:1 есебімен жеңіп, кубокты иеленген болатын.

«Семей» клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы Суперкубок финалы алдындағы ресми шараға бара жатқан жолда жол-көлік оқиғасына тап болды. Былтыр «Қайрат» «Семейді» 3:1 есебімен жеңіп, суперкубоктың иегері атанған еді.

«Қайрат» өз тарихында суперкубокты 10-шы рет жеңіп алды. «Ақтөберентген» командасы екі рет суперкубоктың иегері болған және «Тұлпар» командасы бір рет жеңген. Қайрат командасын жарысқа жаңадан тағайындалған бразилиялық Даниэл Жуниор бапкер алып шықты. Ол бұл лауазымда Марлон Веласконы алмастырды. Жуниор Бразилия жасөспірімдер құрамасын да жаттықтырып, олармен Оңтүстік Америка чемпионатын және Жасөспірімдер Олимпиада ойындарын жеңіп алды.

Матч туралы толық ақпарат Ойында жалғыз гол 26-минутта соғылды. Гол авторы «Қайраттың» жаңа ойыншысы, бразилиялық Рафао болды. Ол ауттан допты ойынға қосқаннан кейін қақпаға дәл соққы жасады. Осы гол нәтижесімен «Қайратқа» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Қайрат құрамы

Семей құрамы

Төрешілер

Дереккөздер

Санат:2025 жылғы мини-футбол