«I Don't Want to Miss a Thing» — Aerosmith тобының ең танымал әндерінің бірі. 1998 жылы шыққан Армагеддон фильмі үшін жазылған, ол фильмде топтың вокалисі Стивен Тайлердің қызы Лив ойнаған болатын.
Ән Billboard Hot 100 чартына түскенде, бірден бірінші орыннан табылды, және cол орында 4 апта бойы тұрды.Aerosmith Chart History (Hot 100) — Billboard Сондай-ақ басқа елдердің чарттарында да топ жарды.
Бейнеклип 1998 жылдың мамырында Миннеаплоистің қару-жарақ қоймасында түсірілді. Онда НАСА баннерлері бар сахнада топтың оркестр сүйемелдеуімен ән орындағаны және фильмнен үзінділер араласып көрсетіледі.
1999 жылы өткен Оскар табыстау рәсімінде осы туынды үздік фильм әні номинациясына ілікті (алайда сыйлық When You Believe әніне берілді).
Чарттар ЕлОрныАҚШ (Billboard Hot 100)1АҚШ (Billboard Adult Contemporary)13АҚШ (Billboard Adult Pop Airplay)2АҚШ (Billboard Hot Latin Songs)14АҚШ (Billboard Mainstream Rock)4АҚШ (Billboard Pop Airplay)1АҚШ (Billboard Rhythmic)25Аустралия1Аустрия1Бельгия3Германия1Гондурас3Грекия1Дания8Ирландия1Исландия1Испания4Италия1Канада2Мажарстан5Нидерланд3Норвегия1Ұлыбритания4Финляндия3Франция8Швейцария1Швеция2
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Алфавит бойынша әндер Санат:Aerosmith әндері Санат:1990-шы жылдардың балладалары Санат:Billboard Hot 100 чартының көшбасшы әндері Санат:Фильм үшін жазылған әндер