Шахмұрат Мүтәліп (18 қыркүйек 1990 жыл, Қазцик, Іле ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық кәсіпкер, спорт қайраткері, экономика ғылымдарының магистрі, «Integra Construction KZ» құрылыс компаниясының иесі және «Eurasian Resources Group» холдингінің ірі акционері. 2024 жылдан бастап Қазақстан бокс федерациясының президенті және 2025 жылдан бастап Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті..
2024 жылы Федерация басшысы ретінде IBA ұйымынан шығып, жаңадан құрылған World Boxing ұйымына мүшелікке өтініш берді..
World Boxing ұйымы аясында тұңғыш рет өткен Әлем чемпионатында командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға тоқтап, 4 спортшы екі дүркін әлем чепионы және ең ауыр салмақта тұңғыш рет чемпион атанып тарихи жетістік орнатты.
Өмірбаяны Муталип Шахмурат 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы Іле ауданы Қазцик ауылында дүниеге келген.
Білімі 2012 жылы «Тұран» университетін «Экономика» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдады. 2012 жылы «Тұран» университетінде «Аймақтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2014 жылы «Тұран» университетінде «Экономика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі атанды. Куала-Лумпурдағы (Малайзия) Asian Pacific University (APU) университетінде білім алған.
Еңбек жолы 2008–2015 жж. – «БЕНТ» АҚ-да слесарь шпал өндірісі, экономист, аға бухгалтер, қаржы директоры, вице-президент, бірінші вице-президент қызметтерін атқарды.
2016–2017 жж. – «Концерн «Казахсельмаш» ЖШС директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі.
2017–2020 жж. – «IST Group» ЖШС тәуелсіз директоры.
2020–2021 жж. – «Integra Construction KZ» ЖШС бас директоры. «Integra Construction KZ» — 1997 жылы құрылған қазақстандық құрылыс компаниясы. Негізгі бағыты — теміржол, метро және инфрақұрылымдық нысандар салу. Компания Алматы – Қорғас автожолын, Арқалық – Шұбаркөл, Жезқазған – Сексеуіл, Жетіген – Қорғас және Алматы-1 – Шу теміржолдарын тұрғызды. 2022 жылдан бері компанияның иесі — Шахмұрат Мүтәліп, сондай-ақ шетелде бірнеше филиалы бар. 2023 жылы компанияның салық төлемдері 10,36 млрд теңгені құрады.
2021–2024 жж. – «Integra Construction KZ» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы.. 2018 жылы Forbes Қазақстан рейтингінде «Integra Construction KZ» ЖШС жол құрылысы саласында 54,50 млрд теңге табыспен ең ірі 50 жекеменшік компания қатарына енген
2024 жылдан бастап – Қазақстан бокс федерациясының президенті.
2025 жылдан бастап – Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті.
Қоғамдық қызметі Қазақстан бокс федерациясының президенті (2024 жылдан бастап) Қазақстан ҰОК халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті (2025 жылдан бастап)
Бокс федерациясы 2025 жылғы Әлем чемпионаты — Ниш, Сербия (әйелдер) (IBA) 🥇 Назым Қызайбай (48 кг) 🥇 Алуа Балқыбекова (50 кг) 🥇 Аида Әбікеева (63 кг) 🥈 Виктория Графеева (60 кг), 🥈 Елдана Тәліпова (+81 кг) 🥉 Наталья Богданова (70 кг)
2025 жылғы Әлем чемпионаты — Ливерпуль (Англия) World Boxing 🥇 Санжар Ташкенбай (50 кг) 🥇 Махмұд Сабырхан (55 кг) 🥇 Төрехан Сабырхан (70 кг) 🥇 Айбек Оралбай (+90 кг) 🥇 Алуа Балқыбекова (50 кг) 🥇 Аида Әбікеева (65 кг) 🥇 Наталья Богданова (70 кг) 🥈 Назым Қызайбай (48 кг) 🥉 Виктория Графеева (60 кг) 🥉 Елдана Тәліпова (+80 кг)
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп 2025 жылы Ливерпульде (Англия) өткен World Boxing тұңғыш әлем чемпионатының жүлдегерлеріне сыйақылар көлемін жариялады. Федерация тарапынан жүлдегерлерге қаржылай сыйақы бекітілді. Алтын медаль иегерлеріне – 100 мың АҚШ доллары (54,1 млн теңге), күміске — 50 мың доллар (27 млн теңге), ал қолаға — 30 мың доллар (16 млн теңге). Сонымен қатар бас бапкерлерге (ерлер мен әйелдер құрамасы) қосымша 100 мың доллардан қарастырылған.
Мемлекет тарапынан 🥇— 15 000 доллар (8,1 млн теңге), 🥈 — 7000 доллар (3,7 млн теңге), 🥉 — 5000 доллар (2,7 млн теңге).
Жаттықтырушыларға төлемдер 🥇 — 10 000 доллар (5,4 млн теңге), 🥈— 5000 доллар (2,7 млн теңге), 🥉— 3000 доллар (1,6 млн теңге).
Дереккөздер
Санат:Қазақстан бизнесмендері Санат:Қазақстан спорт қайраткерлері