(617) Патрокл — Юпитердің орбитасы бойымен айналып жүрген троян астероиды, қосарлы астероид.
Оны 1906 жылы 17 қазанда Август Копфф Гейдельберг обсерваториясында ашты. Бұл (588) Ахиллестен кейін жаңа ашылған екінші троян астероиды болды, сондай-ақ L5 Лагранж нүктесінде (Юпитердің соңынан) айналған алғашқы ашылған дене еді.
Көп уақыт бойы ол (624) Гектордан кейін екінші ең үлкен троян астероиды болып саналды, диаметрі 140 шақырымға тең деп бағаланды.
2001 жылдың қыркүйегінде бұл арасы 680±20 шақырымға тең бірін-бірі айналып жатқан екі астероидтан тұратыны белгілі болды. Алғашқы ашылған қосарлы троян астероиды болды. нобай|солға|2017 жылы Хаббл түсірген бейне нобай|солға|Компьютерлік анимациядағы бұл қосарлы жүйе 2006 жылдың ақпанында серігіне Менетий деген атау берілді. Серіктің өлшемдері 117 × 108 × 90 шақырымға тең деп бағаланады. Яғни екеуінің өлшемдері өзара жақын келеді.
Астероид атауы Ежелгі Грекия аңыздарынан белгілі болған қаһарманның есіміне байланысты. Патрокл Троя соғысына қатысқан Ахиллестің досы болған. Ал Менетий Патроклдың әкесі еді.
Зерттелуі Lucy ғарыш кемесінің бұл астроидқа жақындауы 2033 жылға жоспарланған. нобай|солға|Суретшінің елестетуіндегі Патрокл мен Менетийдің жанынан өткен Lucy аппараты
Дереккөздер
Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (601—700) Санат:Астероидтар