Джайме Эвальди Книис — бразилиялық футзал шебері, 2023 жылдан бастап қазақстандық «Семей» футзал клубының қақпашысы.

Өмірбаяны

Кәсіби мансабы Джайме Эвальди Книис — футзалдағы алғашқы қадамдарын Жарагуа қаласындағы футзал мектебінде бастаған. Ол кәсіби мансабында «Жарагуа Футзал», «Сан-Жозе-Пиньяис», «Палмас Футзал» және «Дойс Визиньос» сияқты клубтарда ойнаған.

«Семей» МФК 2023 жылы ол Қазақстанның «Семей» клубына ауысты. Алғашқы ойындарынан-ақ негізгі қақпашы атанып, команданың қорғаныс жүйесінде шешуші ойыншыға айналды.

2023/24 маусымында клубтың тарихи чемпиондық атауына үлкен үлес қосты, шешуші сәттерде команданы бірнеше мәрте құтқарып қалды.

Жетістіктері + Маусым Қазақстан чемпионаты Қазақстан кубогы УЕФА Чемпиондар лигасы Супер кубок 2024 Чемпион 2-орын 2-орын2025Вице-чемпионЧемпионЭлит-раунд2-орын  2026

Жеке статистикасы Маусым Ойын Құрғақ матчтар Жіберілген голдар 🟨 🟥 2023/24 50 3 87 3 0 2024/25 51 1 76 3 0

Тағы қараңыз Футзал Футзалдан Қазақстан чемпионаты Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасы Қайрат Аят Семей

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мини-футболшылары Санат:Бразилия мини-футболшылары Санат:Футзалдан Қазақстан чемпионаты Санат:Семей футзал клубының ойыншылары