155px|135px|155px|140px| Үстіңгі сол жақтан бастап сағат тілімен: Спутник-1 алғашқы жасанды Жер серігі; Ай бетінде серуендеген Аполлон 11 экипажының мүшесі Базз Олдрин; Мир станциясымен жанасқан Спейс Шаттл; Аполлон-Союз алғашқы бірлескен миссияның экипаждары Ғарыштағы жарыс () — XX ғасырдың екінші жартысында орын алған ғарыштану саласындағы КСРО мен АҚШ арасындағы ірі бәсеке.
Ол 1957 жылдың 4 қазанында кеңестік Спутник-1 атты алғашқы жасанды Жер серігін ғарышқа ұшыруынан басталды.
Спутниктің ғарышқа шығуына байланысты реплика мен өлеңдер қаптап, Сиэтлдегі Дүниежүзілік көрме үшін Спейс Нидл мұнарасы салынды. Стэнли Кубрик 2001: Ғарыш одиссеясы фильмін түсірді. General Motors «Ғарыш дәуірінен шабыт алған алғашқы машина» деп Firebird III көлігін жасап шығарды. 1958 жылы осы концептуалдық көлікте компьютер, электрондық басқару құралдары бар-тұғын. Ғарыш тақырыбы кино, телевизия, музыка, сәулет өнері мен дизайн индустрияларында көрініс тапты.Надия Дрейк. Жаӊа ғарыш дәуірі! Кері санақ басталды. — National Geographic Qazaqstan, шілде 2019.
Негізгі белестер 1957 жыл, 4 қазан — Спутник-1 Жер орбитасын айналған алғашқы жасанды нысан болды. 1957 жыл, 3 қараша — Спутник-2 бортында Лайка есімді алғашқы ит Жер орбитасына шықты. 1958 жыл, 31 қаңтар — Explorer 1 АҚШ-ң ғарышқа жеткен алғашқы жерсерігі болды. 1961 жыл, 12 сәуір — Юрий Гагарин Восток-1 бортында ғарышқа ұшып, Жер орбитасына жеткен алғашқы адам болды. 1961 жыл, 5 мамыр — америкалық ғарышкер Алан Шепард суборбиталдық сапар жасады. 1962 жыл, 20 ақпан — Джон Гленн Friendship 7 кемесін басқарып, Жер орбитасын айналған алғашқы АҚШ азаматы атанды. 1963 жыл, 16 маусым — Восток-6 кемесімен ұшқан Валентина Терешкова ғарышқа жеткен алғашқы әйел атанды. 1965 жыл, 18 наурыз — Алексей Леонов алғашқы боп ғарышта ашық кеңістікке шықты. 1966 жыл, 3 ақпан — Луна-9 аппараты Айға алғаш рет жұмсақ қонды. 1969 жыл, 20 шілде — Аполлон 11 миссиясындағы Нил Армстронг пен Базз Олдрин адамзаттың Айға қадам басқан алғашқы өкілдері атанды. Бірінші рет басқа әлемнің есігін ашу адамзаттың ғылымдағы ұлы жетістігі әрі екі супердержава арасындағы эпостық бәсекелестіктің кульминациясы болатын. 1971 жыл, 19 сәуір — Салют-1 атты алғашқы ғарыш станциясы ұшырылды. 1975 жыл, 15 шілде — Аполлон-Союз сынақтық жобасы АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы алғашқы халықаралық ғарыш серіктестігіне айналды.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Қырғи қабақ соғысы Қарулану жарысы
Санат:Ғарыштану Санат:Қырғи қабақ соғысы Санат:Америкалық-кеңестік қатынастар