Жаманасар-2 қалашығы (б.з.д. I мыңжылдықтың соңғы ғасырларымен және б.з. I ғасыры) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 26,6 км жерде орналасқан.
Зерттелуі Қалашықты өткен ғасырдың 40-50 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген, 70-80 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) қайта зерттеген, 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.
Сипаты Теңіз деңгейінен биіктігі – 87 м. Қалашық қорғаныс дәліздері бар алты бұрышты бекініс қабырғаларымен қоршалған. Оңтүстік қабырғаның ішінде биіктігі 3 м-ге жуық сопақтау келген құрылыстың қалдығы бар. Бекініс қабырғасының солтүстік-шығыс ішкі бөлігінде тұрғын жайлардың іздері бар. Қаланың батыс, оңтүстік және шығыс жақтарында өзен тармақтарының іздері байқалады. Үстінен жиналып алынған қыш ыдыс материалдары қонысты б.з.д. I мыңжылдықтың соңғы ғасырларымен және б.з. I ғасырымен мерізімдеуге болады.Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан көне қалалары Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері