Қарақожа — Алтын Орда бегі, Тоқтамыстың жақын әмірлері мен нөкерлерінің бірі. 1405 жылы Тоқтамыстың елшісі ретінде Әмір Темірмен келіссөз жүргізген.
Өмірбаяны Қарақожаның әкесі Дайыр қожа (лақаб аты - Ақжол), атасы Қодан тайшы екеуі де арғын тайпасының ұлысбектері болған. Шежіре мен өзге де дереккөздерге сәйкес, Қодан тайшы Ұрыс ханның кеңесшісі болған, ал Дайыр қожа Тоқтамыс ханның әскербасыларының бірі болған.
«Маджму ат-Таварих» жазбасында Қарақожа Тоқтамыс ханның жақтасы және серіктесі ретінде бейнеленген. Сондай-ақ, Қарақожаның қырғыз батыры Манаспен достығы туралы айтылған. Тоқтамыс хан Манасқа ерекше қызметтері үшін «Манасия» деп аталатын аймақ бергені айтылады, ал Қарақожа сол жерде біраз уақыт әмір ретінде билік еткені де көрсетілген.
Жошы ұлысының батысында орын алған, Тоқтамыс Әмір Темірден ойсырата жеңілген Қондырша (1391 жыл) және Терек (1395 жыл) шайқастарына Қарақожа мен әкесі Дайыр қожаның қатыспауын, олардың шығыстағы Моғолстанмен шекараға жауапты болуымен түсіндіруге болады.
Шариф ад-Дин Йезди деректерінде 1405 жылдың 3 қаңтарында Қарақожа Тоқтамыстың елшісі ретінде Әмір Темірдің Отырарардағы сарайына келген. Тоқтамыстың жолдауының мазмұны мынадай еді: «Жақсылықтары мен мейірімділігіне ризашылық білдірмегенім үшін жазам мен сауабымды көрдім де бастан да кешірдім. Егер патшалық мейірім бұл бейбақтың күнәләрі мен қателіктерінің тізімін кешірім сызығымен сызып тастаса, ол бұдан кейін мойнын бағыну өмегінен шығармайды және айтқан жолдан бір қадам таймайды». 1 ақпанда Қарақожа сый-сияпаттармен Тоқтамыстың сарайына қайта жіберіледі. Алайда сол 1405 жылдың 18 ақпанында Ақсақ Темір қайтыс болып, Тоқтамыспен одақ құрылмайды.
Одан көп ұзамай 1406 жылы маңғыт Едігемен болған көптеген шайқастардың бірінде Тоқтамыс хан да қайтыс болады. Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер жинағында» Тоқтамыстың өмірінің соңғы сәттеріне дейін Қарақожа қасында болғаны айтылады. Қарақожа, 1406 жылы Жошы ұлысының солтүстік бөлігінде орын алған шайқаста, маңғыт Едігенің ұлы Нұр ад-Диннің қолынан қаза табады. Орыс жазбаларына сәйкес, бұл оқиға Түмен қаласының маңында болған. Ш.Уәлиханов Қарақожаның қабірі Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқанын атап өткен.Ж. Сабитов, А. Каратаев. О ПРОИСХОЖДЕНИИ И ИСТОРИИ ПЛЕМЕНИ АРГЫН // Отан тарихы: «журнал».— 2026.— Январь(№ 29).— С. 118—131.— ISSN (Online) 2788-9718 (Online)
Ұрпақтары Қарақожа жас кезінде қаза тапқанына қарамастан, отбасы құрып үлгерген. Шежіре деректеріне сүйенсек, оның екі әйелі болған: Ергүл және Момын.
Қарақожаның нақты қанша баласы болғаны белгісіз, бірақ шежіре оның төрт ұлы болғанын дәлелдейді. Ергүлден Караходжаның тұңғыш ұлы Мейрамсопы туған. Момыннан үш ұл туған: Ақсопы, Карасопы және Сарысопы. Олардың атындағы «сопы» түбірі олардың суфийлік қауымдастыққа (Ишкийа тармағы) мүше болғанын білдіреді. Карақожаның өзі де осы қауымдастық мүшесі болған. Мейрамсопы кейбір деректер бойынша қазіргі Қазақстан аумағындағы суфизмді алғашқы таратушылардың бірі болып саналады.
Шежіре бойынша Қарақожа қазақ арғындарының көпшілігінің арғы атасы, қалған бөлігі —тоқал арғындар оның ағасы Сомдықтан тарайды, ал тарақты Қарақожаның әпкесінен немесе тәтесінен тарайды.Этногенез казахов с точки зрения популяционной генетики The Russian Journal of Genetic Genealogy. Volume 4, No 2 (2012)/Volume 5, No 1 (2013). C. 29-47.
Дереккөздер
Санат:Қазақ руларының арғы бабалары