Әсел Жұбанышқызы Жанасова (қыз кезінде — Жиенбаева; 8 шілде 1987, Алматы) — қазақстандық саясаткер, топ-менеджер, 2025 жылдан бастап Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары. Қазпошта акционерлік қоғамының бұрынғы басшысы (2022—2025).
Өмірбаяны 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2005 жылы Республикалық физика-математика мектебін «Алтын белгімен» аяқтаған.Кадровые перестановки. Новые назначения в холдинге "Зерде" и финансовых организациях
2010 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде білім алған (компьютерлік ғылымдар саласы). 2014 жылы Кембридж университетінде магистратураны тәмамдаған. Сол жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Executive Management» бағдарламасы бойынша оқыған.
2010—2014 жылдары Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясының ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Киберқауіпсіздік департаментінің директоры лауазымдарында қызмет атқарды.
2014—2016 жылдары Қазақстан Ұлттық банкінде жұмыс істеді: «Ұлттық банктің Банктік сервис бюросы» директорының кеңесшісі, Ұлттық банктің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары болды.
2016—2017 жылдары «Зерде» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына басшылық етті.
2017—2020 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығында жұмыс істеді: 2017—2018 жылдары орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетовтің кеңесшісі, 2018—2020 жылдары орталықтың цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры болды.
2020—2022 жылдары Сауда және интеграция министрінің орынбасары болды.
2022—2025 жылдары «Қазпошта» акционерлік қоғамын басқарды. Әсел Жанасованың басшылығы тұсында «Қазпошта» бірнеше жылдан бері алғаш рет шығыннан арылып, таза табысқа шықты.Қазпоштаны дағдарыстан суырып алған менеджер Ақордада жауапты қызметке келді
2025 жылғы 8 маусымда Президенттің кеңесшісі, сол жылы 10 желтоқсанда Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Жанасова Әсел Жұбанышқызы Ол көлік-логистика саласының дамуына жауап береді.
Отбасы Тұрмыста, 2019 жылы туған Ибрагим, 2022 жылы туған Әлім атты екі ұлы бар.АО "Эйр Астана" список аффилированных лиц на 1 июля 2024 года Күйеуі Кәрім Ғабитханұлы Жанасов — кәсіпкер, 1981 жылы туған. 2021 жылдан бастап квазимемлекеттік «Тау-кен Самұрық» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның акционері Самұрық-Қазынаның өкілі. Мәскеу мемлекеттік геологиялық барлау университеті мен Оксфорд университетінің түлегі.Карим Габитханович Жанасов Кен өндірумен айналысатын «South mining» компаниясы бар.Серик Саудабаев покинул совет правления и совет директоров «Казпочты»
Анасы Сайра Жиенбаева (1962 жылы туған) — педагогика ғылымдарының докторы, профессор.«Известные ученые ЖенПУ»: Сайра Жиенбаева Әкесі Жұбаныш Жиенбаев 2004 жылы ұшақ апатынан қайтыс болған.В Казахстане скончался пострадавший в результате падения самолета Ан-2 Әкесінің бауыры Қуаныш Жиенбай (1952 жылы туған) — журналист, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Дереккөздер
Санат:Кембридж университеті түлектері Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері