Есімбет (Әшібек) — Жетіру бірлестігі құрамындағы Табын руының тармақтарының бірі.Е95 Еншібаев Д.С. Табын – Есімбет (Әшібек) руының шежіресі. (Бірінші кітап). – Алматы: «Принт плюс» баспасы, 2025 – 256 + 32 жапсырма бет. ISBN 978-601-7290-28-3

Шежіресі Табын руы дәстүрлі шежіре бойынша үш ірі бөлімнен тұрады: Ағым, Тоғым және Бозым. Бұл бөлімдер өз кезегінде бірнеше ұсақ аталарға бөлінеді. Соның ішінде Тоғымнан Жалтыр тарайды, Жалтырдан Жаманкерей шығады. Жаманкерей үш тармаққа бөлінеді: Ақдәулет, Амандәулет және Асандәулет. Амандәулеттен Абыз, Есімбет (Әшібек), Жиембет, Қожамберлі, Бөрге және Туатай аталары тарайды.

Тарихы Әшібек бөлімі туралы алғашқы жазбаша дереккөз Кіші жүздің ханы Нұралының 1785 жылғы 4-сәуірде Орынбор обер-коменданты Зенбулатовқа жолдаған хатында айтылған. «...там же видели по ту сторону реки Сагиза до 200 человек у которых были предворители: табынского рода Барак, джиенбетец Тленча, кадырбекец Аликбай Худайберганов и ачабекец Истемес Чанкин...»Орынбор обл. мемлекеттік мұрағаты (ООММ), 5-ор, 1-тізбе, 13-іс, 145–158 пп.

Атауы Шежірелік аңыздарға сәйкес, Әшібек — Есімбеттің ең кіші әйелі болған. Ол ел арасында ақылдылығы, көркі мен адамгершілігі арқылы құрметке ие болғандықтан, оның есімі уақыт өте келе ру атауымен қатар атала бастаған. Есімбет пен Әшібек атауларының қатар қолданылуы ғылыми тұрғыдан алғаш рет Мұхамеджан Тынышбайұлының 1925 жылы жарық көрген қазақтардың рулық шежіресіне арналған еңбегінде көрсетілген. Онда Әшібектің Есімбеттің жары екені нақты жазылған. Сонымен қатар далалық этнографиялық зерттеулер барысында кездескен құлпытастарда негізінен Әшібек атауы қолданылғаны байқалады. Осы рудан шыққан адамдар да өздерін көбіне Әшібек руынанбыз деп таныстырған. Ал Есімбет атауы негізінен көне шежірелерде, сондай-ақ «Қырғыздардың жерді пайдалануы бойынша материалдар» жинағында және Тынышпаевтың еңбектерінде ғана кездеседі.

Таралуы Әшібек руы дәстүрлі түрде Шыңғырлау мен Елек өзендері бойын қоныс етіп, көшіп-қонып жүрген. Шежірелік деректерде бұл ру Шыңғырлаулық және Електік болып екі тармаққа бөлінгені айтылады. Ақтөбе өңірінде қоныстанған Әшібектер өз ішінде Сары Әшібек, Ақ Әшібек және Қара Әшібек деп аталған. Сары Әшібектер Байнасай ауылында, Ақ Әшібектер Еркінкөш өңірінде, ал Қара Әшібектер Степановка маңындағы Құрмансай ауылында тұрған.

Тұлғалары Сағыр Төлебайұлы

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Кіші жүз рулары Санат:Кіші жүз