Охота теңізі“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 — Тынық мұхиттың Азия жағалауында. Мұхиттан Камчатка түбегімен, Куриль, Сахалин және Хоккайдо аралдарымен бөлінеді. Аумағы 1,59 млн. км2. Орташа тереңдігі 359 м, Ең терең жері 3521 м. Толысу толқыны үлкен биіктікке көтеріледі, Шантар аралдарының маңында 7 м, Пенжин қолтығында 13 м. Қыста теңіздің көпшілік бөлігі қатады. Судың беткі қабатының температурасы шілде – тамызда оңтүстігінде 9 – 10°С, солтүстігінде 6 – 7°С. Тұздылығы 32 – 33‰. Теңіздің кеме қатынасы үшін маңызы зор. Балықтың көптеген түрлері, теңіз шаяны ауланады. Басты порттары: Магадан, Охотск, Корсаков және Солтүстік Курильск.

Дереккөздер

Санат:Охота теңізі Санат:Ресей теңіздері