Ащысай — Атырау облысындағы өзек. Ол Бақсай өзегінен бөлінген. Кей жерлерде жазғы ыстықта құрғап кетеді. Ащысайдан бөлінген бір өзекше Солянка деп аталады. Екі атаудың бір-біріне сәйкес мағынасы өзек суының дәміне байланысты болса керек.
Атаудың сөзжасамдық сипаты Ащысай атауы аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Ащы (сын есім) + сай (зат есім) сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы атау.
Дереккөздер