Бригком () — 1917 жылдан кейінгі бригада командирі лауазымының қысқартылған атауы, сондай-ақ 1935 жылдың 22 қыркүйегінен 1940 жылдың 7 мамырына дейінгі ЖШҚӘ жоғары қолбасшылық құрамның жеке әскери атағы, басқа елдердің қарулы күштеріндегі бригадир немесе бригада генералы атағына баламалы болып келді. Келесі әскери атақ — дивком болды.

Тарихы

«Бригада командирі» жеке әскери атағын жасаудың алғышарты 1924 жылғы әскери реформа болды, нәтижесінде 1924 жылғы 20 маусымдағы №807 РӘК бұйрығына сәйкес бүкіл қолбасшылық құрам 14 қызмет санатына бөлінді, ал аға қолбасшылық құрам тобынан лауазымдық жағдайының айырым белгісі ретінде ілгегінде бір ромб болған 10-санат (С-10) «дивизия командирінің көмекшісі немесе жеке бригада командирі» сияқты үлгілі қолбасшылық-жауынгерлік лауазымға сәйкес келді. ЖШҚӘ бригада командирі полковник пен генерал-майор арасындағы аралық шен болды. Бұл полктен үлкен және дивизиядан кіші тактикалық бөлімшелердің — бригаданың — армияда кең таралуына байланысты болды. Осылайша, «бригком» («дивком», «корком» және «командарм» сияқты) атағы болды, бірақ ол тек қызметтік мақсаттарда пайдаланылды.

1935 жылы 22 қыркүйекте КСРО ОАК мен ХКК «Жұмысшылар мен шаруалардың Қызыл Әскерінің басшылық құрамына жеке әскери атақтар енгізу және ЖШҚӘ қолбасшылық құрамының қызметі туралы ережелерді белгілеу туралы» қаулысымен «бригада командирі» жеке атағы енгізілді.

Әскер және күш түрі Сәйкес атақ/лауазым Қолбасшылық құрамда КСРО ішкі істер халық комиссариаты Мемлекеттік қауіпсіздік майорыМилиция майоры КСРО әскери-теңіз флоты 1-дәрежелі капитан Басшылық құрамда құрлықтағы және әскери-әуе күштерінде Бригинженер әскери-теңіз күштерінде 3-дәрежелі инженер-флагман барлық әскер түрлерінің әскери-саяси құрамында Бригада комиссары барлық әскер түрлерінің әскери-шаруашылық құрамында Бригинтендант барлық әскер түрлерінің әскери-заң құрамында Бригәсзаңгер барлық әскер түрлерінің әскери-медицина құрамында Бригдәрігер барлық әскер түрлерінің әскери-ветеренар құрамында Бригмалдәрігер

Бұл 1937 жылы ЖШҚӘ жаңа Ішкі қызмет ережелерінің қабылдануымен ақыры ресімделді, онда әскери қызметшілердің қызметтік дәрежесіне қарай топтарға жаңаша бөлінуі айқын көрсетілген. Атап айтқанда, Жарғының он төртінші тармағында 1935 жылғы 22 қыркүйектегі жарлықтармен және 1937 жылғы 5 тамыздағы түзетулермен көрсетілген (онда кіші лейтенант пен кіші әскери техниктің жеке атақтары — «арнайы қысқа мерзімді курстарды бітірген кіші қолбасшылық және басшылық құрамның тұлғалары үшін, сондай-ақ міндетті әскери қызмет туралы заңның X бөліміне сәйкес әскери қызметті өтеген адамдар үшін», сондай-ақ кіші саяси жетекші — «әскери-саяси мектеп көлемінде білімі жоқ кіші қолбасшылық құрамның тұлғалары мен Қызыл Әскер сарбаздары арасынан саяси қызметкерлер үшін» белгіленген«Красная звезда», ).

1940 жылы генералдық шендердің енгізілуіне байланысты бригада командирлерін қоса алғанда, жоғары қолбасшылық құрамның өкілдері қайта куәландырудан өтті.

Соған қарамастан, Ұлы Отан соғысы басталғанның өзінде бригада командирінің ілгегін тағып, осы шенді қолданған командирлер әлі де болды. Бұл екі жағдайға байланысты болды. Біріншіден, бірқатар бригада командирлері өз міндеттерін қанағаттанарлықсыз орындағандықтан қайта куәландырудан өтпеді. Екіншіден, жаңа атақтарды жаппай беру кезінде кейбір бригада командирлері түрмеге болып, Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін қайта куәландырудан өтуге үлгермеді (мысалы, болашақ армия генералы Александр Горбатов).

Бригада командиріне тең дәрежелер қолбасшылық құрамда сақталды. Олар 1942 жылға дейін берілді. Соңғы рет 1943 жылы 8 ақпанда бригәсзаңгер атағы қайта жіктелді. Бұрын мұндай дәрежелерге ие болғандар әдетте тиісті қызметтегі полковник шенін алатын, ал біразы генерал-майор атағына көтерілетін.

Айырым белгілері 1922 жылдың қаңтарында ЖШҚӘ бірыңғай қатаң реттелетін киім үлгісін кию енгізілді. Әскерилердің айырым белгілері алқызыл түсті оқалармен жиектелген, шинель мен гимнастерка жеңдерінің ортасына тігілген арнайы шұғадан жасалған қақпақшаларда бейнеленген; қақпақшаның түсі әскер түрлеріне сәйкес келді. Қақпақшаның жоғарғы жағында алқызыл түсті шұғадан жасалған бесбұрышты жұлдыз болған, оның астында лауазымдық шеннің белгілері тігінен тігілген — қолбасшылық құрам үшін қою қызыл эмальмен қапталған биіктігі 1,7 см және ені 0,8 см мыстан жасалған бір ромб (кіші диагоналы — екі см, үлкені — үш см) болды.

Сонымен қатар, алтын зермен әдіптелген және әскер немесе күш түрлерінің, әскери мекемелердің басқармалары мен бөлімдерінің түстеріне сәйкес келетіндей шинелдер мен гимнастеркалардың ілгектеріне танымбелгі енгізілді. Қайырмадан жоғары екі жеңге де бір жалпақ алтын шеврон тігілген.

Өнерде «Офицерлер» () фильмінде (1971 жылғы) бригада командирі шенін Иван Варавва атқарады.

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:КСРО Қарулы Күштерінің әскери атақтары Санат:Бригкомдар