Дархан Еркінұлы Қызайбаев (3 наурыз 1990 жыл, Алматы облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық спорт менеджері, кәсіпкер.
2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті. «Asian Boxing» Азия бокс конфедерациясының қаржы және аудит комиссиясының төрағасы (2025 жылдан).
Білімі 2009–2014 жылдары Болашақ бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы Пенсильвания штатының университетінде (Penn State University) білім алған. Мамандығы: «Экономика және халықаралық қатынастар». Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Еңбек жолы Еңбек жолын 2016 жылы коммерциялық және өндірістік ұйымдарда басшылық қызметтерден бастаған.
2016 – 05.2018 — Коммерциялық және өндірістік секторда басшылық лауазымдарда қызмет етті.
2018 жылғы мамырдан — «Innotrack» ЖШС Бас директорының кеңесшісі.
2020 жылғы қыркүйектен — «IST Group Co» ЖШС Бас директорының кеңесшісі.
2022 жылғы тамыздан — «EMC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2022 жылдан — «NORD Production Group» ЖШС директоры.
2023 жылғы қаңтардан — «Todini Costruzioni Generali S.p.A.» АҚ Бақылау кеңесінің мүшесі және стратегиялық даму жөніндегі кеңесшісі.
2024 жылғы қаңтардан — «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы.
Спорттық қызметі Дархан Қызайбаев бокс саласындағы менеджментте белсенді қызмет атқарады.
2024 жылғы ақпан – 2026 жылғы қаңтар — Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті.
2024 жылғы желтоқсан — «Asian Boxing» ұйымының уақытша кеңесіне сайланды.
2025 жылғы 2 тамыз — Бангкокта өткен конгресте «Asian Boxing» Азия бокс конфедерациясының Директорлар кеңесінің мүшесі және Қаржы және аудит комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.
2026 жылғы 10 қаңтардан бастап — Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті. Бұл лауазымда ол федерацияның ішкі және сыртқы қызметін, кадрлық тағайындаулар мен құрамаларды жасақтау мәселелерін қадағалайды.
Отбасы Үйленген.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Капитал.kz сайтындағы досье