Нұридин Егенбердіұлы Әмитов (1 қаңтар 1968 жыл, Қазақстан, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы) — дәрігер, денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2006).СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024
Білімі 1993 жылы Алматы медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті),
2013 жылы Қызылорда университетін (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті),
2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын бітірген.
Еңбек жолы 1994–2002 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында (қазіргі Қызылорда облыстық медициналық орталығы) дәрігер-хирург болып еңбек етті.
2002–2009 жылдары жедел хирургия және жоспарлы хирургия бөлімшелерінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2009–2018 жылдары Қызылорда облыстық медициналық орталығы директорының орынбасары болды.
2018–2023 жылдары осы орталықтың директоры қызметін атқарды.
2023 жылдың қазан айынан бастап Қызылорда қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері.
Қоғамдық қызметі Қызылорда облыстық мәслихатының
VI шақырылымының (2016–2021),
VII шақырылымының (2021–2023),
VIII шақырылымының (2023 жылдан) депутаты.
Марапаттары мен атақтары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2006) «Парасат» ордені (2020) Бірнеше мемлекеттік медальдің иегері Жаңақорған ауданының құрметті азаматы (2022)
Дереккөздер