Үздік кастинг үшін Оскар сыйлығы () — Кинематографиялық Өнер және Ғылым Академиясының 2026 жылдан бастап (98-ші марапаттау рәсімінен) жыл сайын беретін марапаты.
Бұл санат фильмнің актерлік құрамын жасақтаудағы шеберлікті, кейіпкерлерге сәйкес келетін орындаушыларды кәсіби деңгейде іріктеген кастинг-директорлардың еңбегін тану мақсатында құрылған. Бұл номинация — Академияның 2001 жылы «Үздік анимациялық фильм» санаты қосылғаннан бергі жариялаған алғашқы жаңа санаты.
Осы санат ресми түрде бекітілгенге дейін кастинг-директорлар арасында тек Линн Сталмастер ғана (арнайы немесе құрметті) «Оскар» сыйлығын алған жалғыз маман болды.
Жеңімпаздар мен номинанттар Жыл Фильм Номинант(тар) 2026(98-ші) «Шайқас артынан шайқас»Cassandra Kulukundis Wins Best Casting for 'One Battle After Another' | 98th Oscars Speech (2026) Кассандра Кулукундис «Марти Суприм» Дженнифер Вендитти «Хамнет» Нина Голд «Құпия агент» Габриэль Домингес «Күнәһарлар» Франсин Мейслер
Дереккөздер
Санат:Оскар сыйлығы