Лора Дерн — америкалық актриса және кинопродюсер.
Ол режиссёр Дэвид Линчтің туындыларында түскенімен танымал болды. Мысалы, «Көк барқыт», «Жабайы жүректер», «Ішкі империя», «Твин Пикс». Сонымен қатар «Юра кезеңінің саябағы», «Юра кезеңінің саябағы III», «Юра кезеңінің әлемі: Басымдық» фильмдеріне қатысқанымен де белгілі.
2019 жылы «Некелік хикая» фильміне түсті. Ондағы жанұялық адвокат Нора Фэншоудың рөлі үшін Үздік көмекші актриса үшін Оскар сыйлығы мен басқа да киножүлделерді жеңіп алған.
2005 жылы ол музыкант Бен Харперге тұрмысқа шықты. 2013 жылы олар ажырасты. Бұлардың екі баласы бар.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Эмми сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:АҚШ киноактерлерінің Гильдия сыйлығының иегерлері