Ariel 2 (сондай-ақ UK-C) — Ұлыбританияның екінші жасанды серігі, радиоастрономиялық ғарыш телескобы.

Миссиянің негізгі ғылыми мақсаты Галактикадағы жиілігі 10 мегагерцтен аспайтын радиотолқындарды тіркеу болды. Жер бетіндегі обсерваториялар ондай диапазондағы толқуларды ионосфераның бар болуына байланысты бақылай алмайды.

Аппаратты Ұлыбританияның Ғылыми және инженериялық зерттеулер кеңесі () тапсырысы бойынша америкалық Westinghouse Electric компаниясы құрастырып жасаған.

Ол ғарышқа 1964 жылдың наурызында ұшырылған. Одан соңғы сигнал 1964 жылдың қарашасынды келді. Айналған орбитасынан бұл жасанды серік 1967 жылдың 18 қарашасында шығарылды.

Дереккөздер

Санат:Ғарыш телескоптары Санат:Ұлыбританияның ғарыш бағдарламасы