AM — британдық Arctic Monkeys инди-рок тобының бесінші студиялық альбомы, 2013 жылдың 9 қыркүйегінде Domino Records шығарған.

Альбом туралы «AM» альбомы Лос-Анджелестегі Sage & Sound Recording студиясында және Калифорния штатындағы Джошуа-Три аумағында орналасқан Rancho De La Luna студиясында жазылған. Пластинканы жазуға Джош Хомм, Элвис Костеллоның барабаншысы Пит Томас, музыкант әрі композитор Билл Райдер-Джонс қатысты, ал соңғы «I Wanna Be Yours» трегінде панк-ақын Джон Купер Кларктың мәтіні пайдаланылды. Альбомды продюсерлеумен Simian Mobile Disco тобының қатысушысы Джеймс Форд Росс Ортонмен бірлесіп айналысты. Сандық форматтан басқа релиз Ықшам дискілерде, граммофон күйтабақтарда және жинақтаушы винил басылымында шығарылады.

Lenta.ru қызметкеріне берген сұхбатында Алекс Тёрнер альбом атауы америкалық The Velvet Underground рок-тобының VU жинағының атауына ұқсас етіп таңдалғанын, бұл топтың тамаша күйін айқындайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ Тёрнер жаңа альбомда стоунер-рок, сёрф және хип-хоп элементтері болатынын хабарлады.

Жазбаға қатысушылар Альбомды жазуға және безендіруге қатысқандар:

Алекс Тёрнер, Ник О’Мэлли, Джейми Кук, Мэтт Хелдерс — Arctic Monkeys Джеймс Форд — продюсер Росс Ортон — сопродюсер Ян Ши — дыбыс режиссёрі Чэд Блейк — араластыру Джош Хомм — бэк-вокал

Композициялар тізімі

Сертификаттау Ел Мәртебесі Сатылымы (ARIA) 2× Платиналы 140 000^ (BEA) Алтын 15 000* (IFPI Danmark) 3× Платиналы 60 000 (SNEP) Платиналы 100 000 (IRMA) Платиналы 15 000^ (FIMI) 2× Платиналы 100 000 (AMPROFON) Платиналы+Алтын 90 000^ (NVPI) Платиналы 50 000 (RMNZ) 7× Платиналы 75 000 (IFPI Norway) Алтын 15 000* (ZPAV) Платиналы 20 000 (AFP)Алтын7500^ (BPI)6× Платиналы1 800 000 (RIAA)3× Платиналы3 000 000* Сату деректері тек сертификаттау негізінде берілген.^ Таралым деректері тек сертификаттау негізінде берілген.Сату + тыңдау деректері тек сертификаттау негізінде берілген.

Релиз тарихы Ел Күні Лейбл Формат Аустралия 6 қыркүйек 2013 Domino Франция9 қыркүйек 2013 Германия Ұлыбритания Польша10 қыркүйек 2013 NoPaper Records АҚШ Domino

Дереккөздер

Санат:Arctic Monkeys альбомдары Санат:Джеймс Форд шығарған альбомдар Санат:Инди-рок альбомдары Санат:Стоунер-рок альбомдары Санат:Domino Records альбомдары Санат:Аустралия диаграммасын басқарған альбомдар