Бразилия ұлттық футзал құрамасы — халықаралық футзал жарыстарында Бразилияның намысын қорғайтын ұлттық команда. Бақылаушы органы — Бразилия футбол конфедерациясы.
Тарихы Бразилия — футзалдың отаны және әлемдегі ең атақты құрама. Олар ФИФА аясында өткен 10 әлем чемпионатының 6-ауында жеңіске жеткен. Команда ондаған жылдар бойы әлемдік рейтингтің көшін бастап келеді. Бразилиялық мектеп футзал әлеміне Фалькао, Мануэль Тобиас, Шумахер сияқты аңыз ойыншыларды сыйлады. 12 жылдық үзілістен кейін, 2024 жылы Бразилия қайтадан әлем чемпионы атанып, өз гегемониясын дәлелдеді.
2024 жылғы әлем чемпионатында Бразилия 7 ойынның бәрін жеңіп, 40 гол соғып, тек 6 гол жіберген — бұл олардың тарихындағы ең мықты қорғаныс көрсеткіші.
Қазіргі уақытта (2026 жылдың басында) әлемдік рейтингте 1-орында тұр.
ФИФА әлем чемпионаты Бразилия — әлем чемпионатының барлық кезеңіне (10) қатысқан жалғыз құрама. 9 рет үштікке енген. Финалға 7 рет шыққан. Матчардың 89% жеңіске жеткен. Чемпион (6): 1989, 1992, 1996, 2008, 2012, 2024. Финалист: 2000. 3-орын: 2004, 2021. 2024 жылғы әлем чемпионатында Бразилия финалда Аргентинаны 2:1 есебімен жеңіп, алтыншы рет чемпион атанды.
Футзалдан Америка кубогы Оңтүстік Америка құрлығында Бразилияның басымдығы абсолютті. Олар өткізілген 13 турнирдің 11-інде жеңіске жеткен. Соңғы рет 2024 жылы Америка кубогын иеленді.
Құрамы Құраманың негізі Испания («Барселона», «Эль-Посо», «Пальма») және Португалия («Бенфика», «Спортинг») лигаларында ойнайтын әлемдік деңгейдегі жұлдыздардан тұрады.
Негізгі ойыншылар: Пито (2024 жылғы әлемнің үздік ойыншысы), Марсель (ӘЧ-2024 алтын бутсы иегері), Диего, Феррао және қақпашы Виллиан.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша ұлттық футзал құрамалары Санат:Оңтүстік Америка футзал құрамалары Санат:Бразилиядағы футзал