Дэвид Майер де Ротшильд (; 25 тамыз 1978, Лондон, Англия) — британдық эколог, қоршаған ортаны зерттеуші, Adventure Ecology және Myoo Create қайырымдылық ұйымдарының жетекшісі.7 February 2009 The Sunday Times Magazine

Өмірбаяны Ротшильдтер әулетінің британдық тармағының өкілі. Сэр Эвелин де Ротшильдтің (1931) және Виктория Скоттың (1949) кенже ұлы.Victoria, Lady de Rothschild (née Schott) Daily Telegraph. 21 January 2020. Апасы — Джессика (1974), ағасы — Энтони Джеймс (1977).

Балалық шағында спортқа, әсіресе ат спортына әуес болған. Кейін бұл іспен айналысудан бас тартып, оны өмірінің мәні деп санамайтынын және өз алдына әлдеқайда ауқымды мақсаттар қойғанын мәлімдеген.

1996 жылы Итон колледжін тәмамдағаннан кейін Оксфорд Брукс университетінде білім алып, «Саясаттану» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша B.Sc дәрежесін (2:1) иеленді. 2001 жылы Жаңа Зеландияда көлемі 1100 акр болатын ферма сатып алды. 2002 жылы Лондонда Табиғи медицина колледжінде оқып, екінші дәрежелі диплом алды.

2007 жылы Дэвид де Ротшильд «The Live Earth Global Warming Survival Handbook: 77 Essential Skills to Stop Climate Change — Or Live Through It» атты еңбегін жариялады. 2008 жылы «True Green Kids: 100 Things You Can Do to Save the Planet» кітабына алғысөз жазды.

Бүгінгі күнге дейін Adventure Ecology ұйымы аясында Дэвид де Ротшильд жетекшілік еткен үш жоба жүзеге асырылды: 2006 жылы Арктикаға экспедиция ұйымдастырылды. Ол 100 күннен астам уақытқа созылып, ғаламдық жылыну салдарынан Арктика мұз жамылғысының еруі мәселесіне қоғам назарын аударуды мақсат етті; 2007 жылы Эквадор ормандарына экспедиция өткізілді. Бұл жоба мұнай өндіру нәтижесінде ормандардың кесілуі мен ластануы проблемасына назар аударуға бағытталды; 2010 жылы «Plastiki» экспедициясы жүзеге асырылды — 12 500 пластик бөтелкеден жасалған кеме Сан-Францискодан Сиднейге дейін Тынық мұхиты арқылы жүзді. Экспедицияның мақсаты мұхиттардың пластик қалдықтармен ластануы және пластик «аралдардың» пайда болуы мәселесіне халықаралық назар аударту болды.

Дереккөздер

Санат:Итон колледжі түлектері Санат:Харроу түлектері Санат:Ұлыбритания экологтары Санат:Ротшильд әулеті