Әли Есмәмбетов (17 қыркүйек 1914 жыл Қызылорда облысы, Қазалы ауданы - 1942 жыл) - ақын. Әли жетіжылдық білімді Қазалы қаласында алады. 1932 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік институтында оқиды. Мұнда тіл-әдебиет факультетінде оқып жүріп өлең жаза бастайды. 1936 жылы институтты бітіріп, әскер қатарына шақырылып екі жылдан кейін офицер болып оралады. нобай
Өмірбаяны
Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1936). 1937-1941 жылдары Қазақтың мемлекеттік әдеби баспасында («Жазушы» баспасы) «Октябрь балалары», «Ұлан» газетінде, «Жас алаш» газеті редакциясында қызмет істеген. Мұнымен қатар Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы жастар секциясын басқарған.
Шығармалары
Тұңғыш жинағы — «Өлеңдер» 1938 жылы шықты. «Қазақстан» «Бомба» «Адмиралдар океанда» «Шолпан» атты поэмалары бар. Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, В.В. Маяковскийдің, С.Стальскийдің өлеңдерін қазақ тіліне аударған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:17 қыркүйекте туғандар Санат:1914 жылы туғандар Санат:Қазалы ауданында туғандар Санат:1942 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан аудармашылары