Шолпан Ерболқызы Жаманбалаева — əлеуметтану ғылымының докторы, профессор (2006).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1971 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылында туған.

ҚазМУ-ды (1993, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), Қазақстан əлеуметтанушылар академиясының академиясын (2008) бітірген. Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, кафедра доценті, деканның орынбасары (1993-2003), Қазақ көлік жəне коммуникация академиясында проректор (2003-08), 2008 жылдан Қазақ ұлттық университетінде проректор қызметтерін атқарады.

Ғылыми еңбектері "Социологический анализ девиантного поведения подростков" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Марапаттары Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының дарынды жас әлеуметтанушыларға арналған бірінші сыйлығының лауреаты (2002); "ҚР тəуелсіздігіне 20 жыл" (2010); "Астана қаласына 10 жыл" мерейтой медалі (2008); "ҚР ғылымының дамуына үлес қосқаны үшін" (2009); "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2007); Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталары (1997, 2006, 2007); Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хаты (2006).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Известные учёные. Институт философии, политологии и религиоведения. АССОЦИАЦИЯ СОЦИОЛОГОВ КАЗАХСТАНА.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Әлеуметтану ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар