Гүлбану Саламадинқызы Жүгенбаева — тарих ғылымының докторы (2011), профессор (2012).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1970 жылы 19 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Ералиев (қазіргі Құрық) ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1994, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), аспирантурасын (1998) бітірген. 1999 жылдан Қазақ көлік жəне коммуникация академиясында (қазіргі ALT Университеті қызмет атқарды.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты Қазақстан тарихындағы Алаш қозғалысы, ұлт зиялыларының мұралары, қазақ халқының тарихи зердесі, дəстүрлі ауызша тарих жəне т.б. мəселелерді зерттеуге арналған. "Қазақ халқының дəстүрлі ауызша тарихы: теориялық-методологиялық негіздері жəне деректемелік орны" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы.
Марапаттары М. Əуезов атындағы мемлекеттік сыйлық (2000); М. Тынышбаев атындағы қоғамдық қордың мерекелік медалінің (2010) иегері; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты (2010).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызының көшбасшылық дәрісі.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар