Алмагүл Әпсаламқызы Кәкімжанова (19.01.1968 ж.т.) — биология ғылымының докторы (2009).
Өмірбаяны, еңбек жолы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ агротехникалық зерттеу университеті) бітірген (1990). 1990 жылдан институтта аға лаборант, стажер-ізденуші, аспирант, аға оқытушы, аға ғылыми қызметкер, доцент, 2007 жылдан ҚР Ұлттық биотехнология орталығында аға, жетекші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты: биотехнология жəне өсімдіктерді сұрыптау саласын зерттеу. "Биотехнологические основы получения картофеля, устойчивого к биотическим стрессам" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 170-тен астам ғылыми еңбектің, 3 авторлық куəлік пен 3 патенттің авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Марапаттары Ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2014). Ғылым саласындағы елеулі жетістіктері үшін Құрмет ордені (2025).Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ұлттық биотехнология орталығы. Өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы зертханасы.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Биология ғылымдарының докторлары