Күлжібек Әскенқызы Құсманова — филология ғылымының докторы (2012), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1965 жылы 21 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Өрнек ауылында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1992, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аспирантурасын (1999) бітірген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы (1992-96), Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде кафедра меңгерушісі, аға оқытушы (2000-10), 2010 жылдан доцент.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – әдеби тіл. Әдеби тілдің қалыптасу, даму жолдары. Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттар. "Айтыс өлеңдерінің линговомәдениеттанымдық сипаты: мәдени кеңістіктегі ұлттық стереотиптер" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардың, Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдардың телавт және авторы. Кадрларды даярлау бағыты бойынша халықаралық конференциялардың сертификатарының иегері.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Күлжібек Әскенқызы Құсманова.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар