нобай|Токио маңындағы Каппа-дера ғибатханасындағы Каппа құдайының мүсіні

Каппа (жап. 河童 — «өзен баласы») — Жапония мифологиясындағы су рухтарының бір түрі. Сонымен қатар Жапонияда «каппа» сөзі жаңбырдан қорғайтын (плащты???) да білдіреді (португал тілінен енген сөз).

Каппа бүкіл Жапонияға белгілі, бірақ әр аймақта оның атауы мен сыртқы бейнесі аздап өзгеруі мүмкін. Оған ұқсас жаратылыстар да бар:

Cэко — тауға кеткен жас каппа минтуци — айну мифологиясындағы жаратылыс суйко — «су жолбарысы»

Каппа они және тэнгу сияқты ең танымал жапон мифологиялық кейіпкерлерінің бірі.

Этимологиясы

Каппаның шығу тегі екіге бөлінеді:

Батыс Жапонияда — Қытайдан келген су рухымен байланысты Шығыс Жапонияда — сиқыр арқылы жасалған жаратылыс ретінде қарастырылады (мысалы, Абэ-но Сэймэй жасаған)

Кейбір аңыздарда каппа — суға батып кеткен балалардың рухы деп айтылады.

Сыртқы келбеті

Каппа көбінесе:

бақа тасбақа

аралас бейнеде болады.

Ерекшеліктері:

жасыл тері тұмсық тәрізді мұрын жүзуге арналған жарғақты саусақтар арқасында сауыт (панцирь) басында су толы ойық (күш көзі)

Егер сол су төгілсе — каппа әлсірейді немесе өледі.

Мінез-құлқы

Каппа:

өзендер мен батпақтарда өмір сүреді жақсы жүзеді адамдарға әзіл жасағанды жақсы көреді

Кейбір аңыздарда:

адамдарды суға тартып кетеді мифтік «жан шарын» алып қояды

Бірақ кейде:

адамдарға көмектеседі балық сыйлайды дәрі жасауды үйретеді Қызықты ерекшеліктер

Каппа:

сумоны жақсы көреді адамдармен күреседі

Оны жеңудің айласы:

иіліп сәлем беру → каппа да қайталайды → басындағы су төгіледі → әлсірейді Сүйікті тағамы қияр балық

Сондықтан қияр қосылған суши:

«каппа-маки» деп аталады Жек көретін нәрселері темір бұғы мүйізі маймыл Қосымша аңыздар Каппа кейде адамға айнала алады Ұстап алсаң — тілегіңді орындайды Кейде адам даусын салып, ән айта алады