Мұхаммед Әли хан (1808–1842) — 1822—1841 жылдары билік құрған Қоқан хандығындағы өзбектердіңBosworth C. E. The new Islamic dynasties. A chronological and genealogical manual. N.Y., 1996. Р. 295 Мың әулетінен шыққан сегізінші билеуші.
Таққа отыруы 1822 жылы Омар хан қайтыс болғаннан кейін Қоқан хандығының билеушісі болып оның 14 жасар ұлы Мұхаммед Әли хан (1822–1841) жарияланды.
Сыртқы саясаты left|thumb|Қоқан: хан сарайының сыртқы қақпасы left|thumb|Мәделі хан медресесі Мұхаммед Әли ханның билігі кезеңінде Қоқан хандығының аумағын кеңейту саясаты жалғасты. 1834 жылы Қоқан әскерлері Қаратегин, Куляб, Дарбаз (бектік) аймақтарын бағындырды.История Узбекистана. Т.3. Ташкент, 1993, с.207 1826–1829 жылдары Қашқарға бірнеше жорық ұйымдастырылды.
1826 жылы Мұхаммед Әли хан қытайларға қарсы ғазауат жариялап, Цин империясына қарсы күресте Жаһангер төреге көмектесу үшін өз әскерлерін Қашқарға аттандырды.История Средней Азии. Москва: Евролинц. Русская панорама, 2003, с.350
1829 жылы Мұхаммед Әли ханның әскерлері Оратөбені қайтадан жаулап алды.
Мұхаммед Әли хан билігінің басында мыңбасы Хаққұлы би үлкен ықпалға ие болды. Алайда кейінірек ол өлім жазасына кесілді.
Мұхаммед Әли хан Ресеймен, Бұхара әмірлігімен, Хиуа хандығымен және Түркиямен дипломатиялық байланыс орнатты. Мемлекеттік істердің ретке келтірілуі, ел экономикасының, қолөнер өндірісі мен сауданың белгілі бір деңгейде көтерілуі Қоқан хандығының өміріне оң әсер етті.
Билік құрған кезінде Мәделі хан өзінің өгей шешесі, марқұм Омар ханның кіші әйелі, Оратөбеде тұратын Хан Паша айымға ғашық болып, оған үйленді.
Бұл неке Бұхара әмірі Насрулланың наразылығын тудырды. Ол Мәделі ханға бұл одақты айыптайтын және ханды кәпір деп жариялайтын Райымқалмақ есімді елшісін хатпен жіберді. Бұған жауап ретінде Мәделі хан елшілерді тұтқындауға бұйрық берді, бұл Қоқан хандығы мен Бұхара арасындағы әскери қақтығыстың басталуына себеп болды.
Қоқан хандығының Бұхара әмірлігімен соғысы оның жеңілісімен аяқталды. 1841 жылы қарашада Мұхаммед Әли хан тақтан өз інісі Сұлтан Махмұдтың пайдасына бас тартуға мәжбүр болды.
Шығармашылығы Анасының әдеби дәстүрін жалғастыра отырып, Мұхаммед Әли хан «Хан» деген лақап атпен өлеңдер жазған. Бізге оның шағын диуаны мен бірнеше өлеңі жеткен. Оның шығармашылығына Физули туындылары үлкен ықпал етті, тіпті Физулидің танымал поэмасына еліктеп «Ләйлі мен Мәжнүн» атты дастан жаза бастады.Кадырова, М. Надира. Очерк жизни и творчества. Т.,1967. с.33—34
Қаза табуы 1842 жылы сәуірде Бұхара әмірі Насрулла Қоқанды басып алды. Сұлтан Махмұд хан, Мұхаммед Әли хан және көптеген жоғары лауазымды тұлғалар өлім жазасына кесілді. Қоқанның наместнигі болып Бұхараның өкілі Ибраһим тағайындалды. Алайда халық көтерілісі нәтижесінде ол биліктен тайдырылып, Қоқан хандығының жаңа билеушісі Шерәлі хан болды.
Әдебиет История Средней Азии. Москва: Евролинц. Русская панорама, 2003 История Узбекистана. Т.3. Ташкент, 1993.
Дереккөздер
Санат:Мың әулеті Санат:Қоқан хандары