Араб Мұхаммед хан (; ?–1621, Хиуа) — Хорезм мемлекетінде (Хиуа хандығында) 1602–1621 жылдары билік құрған өзбектің Арабшахидтер әулетінің он бірінші өкілі.
Шығу тегі Араб Мұхаммед хан — Қажы Мұхаммед ханның ұлы және Өзбек ұлысының билеушісі Жәдігер ханның ұрпағы.
Билікке келуі Араб Мұхаммед хан билікке әкесі Қажы Мұхаммед хан қайтыс болғаннан кейін 1602-жылы келді. Ол 1621-жылға дейін билік жүргізді. Өз билігі кезінде Хорезмге тонаушылық жорықтар жасай бастаған казактарға қарсы күресте табыстарға қол жеткізді. Билігінің ең басында Үргенішті Нечай Старенский бастаған Жайық казактары басып алды, бірақ аттары болмағандықтан олар қаладан шыға алмады. Араб Мұхаммед әскер жинап, оларды қалада қоршауға алды да, казактармен келіссөз жүргізе бастады. Нәтижесінде ол казактарды тірі жіберуге және оларға ат беруге ант ішті. Алайда олар қаладан шыққан бойда бәрін қырып тастауға бұйрық берді.Сборник князя Хилкова. СПб, 1879. С. 396; Веселовский Н.И. Очерк историко-географических сведений о Хивинском ханстве. Спб, 1877, с.127–128
Араб Мұхаммед хан Хорезмге шабуыл жасаған қалмақтарды талқандаудың да ретін тапты.
Сыртқы саясаты 1616 жылы Араб Мұхаммед хан Мәскеуге елші Қожа Жүсіпті аттандырды.Жуковский С.В. Сношения России с Бухарой и Хивой за последнее трехсотлетие. Петроград, 1915, с.13
Мәдениет саласындағы саясаты thumb|Хиуа қақпасы 1616 жылы Хиуада Араб Мұхаммед хан Көне Үргеніштің орнына Хиуаның Хорезм астанасы болуының құрметіне күйдірілген кірпіштен жаңа бір қабатты медресе салдырды.
Қайтыс болуы Араб Мұхаммед хан билігінің соңына қарай Хорезмде қайтадан өткір саяси дағдарыс басталды. Араб Мұхаммед хан 1621 жылы өлтірілді, содан кейін Хорезмде оның екі ұлы — Хабаш сұлтан мен Елбарыс сұлтанның билік құрған кезеңі болды. Бұл жағдай 1623 жылы Араб Мұхаммед ханның басқа бір ұлы Исфандияр хан билікті басып алғанға дейін жалғасты. Оның кенже ұлы Ауған Мұхаммед Ресейге қашып кетіп, 1648-жылы Қасымов қаласында қайтыс болды.
Әдебиет Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957 История Узбекистана. Т.3. Т., 1993. История Узбекистана в источниках. Құрастырушы Б.В. Лунин. Ташкент, 1990 История Хорезма. И.М. Муминовтың редакциясымен. Ташкент, 1976
Дереккөздер
Санат:Хорезм билеушілері Санат:Хиуада таққа отырғандар